О внесении дополнений в постановление акимата Костанайской области от 3 августа 2022 года № 344 «Об установлении водоохранных зон и полос на водных объектах Костанайской области, режима и особых условий их хозяйственного использования» Күшін жойған
Басқа 0
«Қостанай облысының су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 344 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қостанай облысының су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 344 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29029 болып тіркелген) келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы келесі мазмұндағы реттік нөмірлері 119-3, 119-4, 119-5, 119-6, 119-7 жолдарымен толықтырылсын:
«
119-3
Аты жоқ көл
300
50
119-4
Тұзды көлі
500
50
119-5
Қоржынкөл көлі
300
50
119-6
Аты жоқ көл
300
35
119-7
«Қарталы- Рудный» магистральдық газ құбырының жер асты өткелін қайта жаңарту учаскесі шегінде Қаратомар су қоймасының жағалауы, Әйет өзені
500
35
».
Тармақ 2
2. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.