О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 3 мая 2022 года № ҚР ДСМ–40 «Об утверждении инструкции по организации антитеррористической защиты объектов, уязвимых в террористическом отношении, осуществляющих деятельность в области здравоохранения Республики Казахстан» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру бойынша террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № ҚР ДСМ-40 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру бойынша террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № ҚР ДСМ-40 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27947 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру бойынша террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта: 5-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын: «8-1) кіруді бақылау және басқару жүйесі – кіруді бақылауға, объектіге және (немесе) оның жекелеген аймақтарына персонал мен келушілердің кіру және (немесе) шығу құқықтарын шектеуге, ақпаратты жинауға және сақтауға арналған, техникалық жағынан үйлесімді аппараттық құралдардың және (немесе) бағдарламалық қамтылымның жиынтығы;»; мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын: «13-1. Объектілердің меншік иелері, басшылары 71-тармағына сәйкес 2, 3, 4-топтарға жатқызылған объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының неғұрлым жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін жеке күзет мекемелермен шарт жасай отырып «Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 959 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10371 болып тіркелген) сәйкес келетін) сәйкес жекеменшік күзет ұйымдарымен күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасады.»; 17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «17. Ұйым басшысы өткізу режимінің тәртібін, оны ұйымдастыруға және бақылауға жауапты адамдарды айқындайды. Күзет қызметі субъектісімен күзет қызметтерін көрсету туралы шарт болмаған жағдайда, өткізу режимін тікелей орындауға жауапты адамдарды тағайындау көзделеді.»; 71-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) төртінші топтағы денсаулық сақтау объектілері - білім алушылардың және персоналдың нақты саны 100 (жүз) және одан да көп адам болатын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары, бір ауысымда 200 (екі жүз) және одан да көп адам қабылдауға есептелген денсаулық сақтау ұйымдары; 200 (екі жүз) және одан да көп төсекке есептелген стационарлық көмек көрсететін ұйымдар (егер олар басқа өлшемшарттарға жатпайтын болса, ведомстволық денсаулық сақтау объектілері).»; 74-тармақтың 1) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «кіруді бақылау және басқару жүйелері;»; 75-тармақтың 1) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «кіруді бақылау және басқару жүйелері;»; 76-тармақтың 1) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «кіруді бақылау және басқару жүйелері;»; 77-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «кіруді бақылау және басқару жүйелері;»; 78-тармақ алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік, жұмылдыру жұмысы және мемлекеттік құпияларды қорғау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті