О внесении изменений в постановление акимата города Аксу от 3 июня 2022 года № 417/4 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел финансов города Аксу» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақсу қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 3 маусымдағы «Ақсу қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 417/4 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабы 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақсу қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 3 маусымдағы «Ақсу қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 417/4 қаулысының 1-қосымшасына өзгерістер енгілсін.
Тармақ 2
2. «Ақсу қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңды мекенжайы Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140100, Ақсу қаласы, Пушкин көшесі, 72/2 болып өзгертілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н.З. Конротбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. «Ақсу қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне енгізілген өзгерістер тізбесі:
«Ақсу қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 3 маусымдағы «Ақсу қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 417/4 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Ақсу қаласы әкімдігінің 2025 жылғы «29» қазан № 692/8 қаулысына қосымша «Ақсу қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне енгізілген өзгерістер тізбесі:
Тармақ 1
1. 9-тармақ келесі редакцияда жазылсын: «Ақсу қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140100, Ақсу қаласы, Пушкин көшесі, 72/2.
Тармақ 2
2. 17-тармақтың 9) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдардың мұқтаждығы үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды тиімді, заңды және ашық ұйымдастыруды қамтамасыз ету.
Тармақ 3
3. 18-тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын: құжаттаманы дайындауды, хабарландыруларды орналастыруды, өтінімдерді қарауды, нәтижелерді ресімдеуді, сондай-ақ сатып алу рәсімдеріне қатысушылардың өтініштері мен шағымдарына жауаптар беруді қоса алғанда, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру, үйлестіру және өткізу;
Тармақ 4
4. 18-тармақтың 26) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын: Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығымен («Отбасы Банк» АҚ) бірлесіп, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж кезекте тұрғандар үшін мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде кредиттік тұрғын үйді өткізу бойынша жұмыстар жүргізу;
Тармақ 5
5. 18-тармақтың 27) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын: Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығымен бөлінген коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру;
Тармақ 6
6. 18-тармақтың 29) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын: коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру жөніндегі комиссияны ұйымдастырады;
Тармақ 7
7. 22-тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 8
8. 24-тармақ алынып тасталсын.