О внесении изменений в постановление акимата города от 3 марта 2023 года № 172 «Об утверждении Правил организации и проведения мероприятий по текущему или капитальному ремонту фасадов, кровли многоквартирных жилых домов, направленных на придание единого архитектурного облика городу Семей» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қала әкімдігінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 172 «Семей қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс - шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қала әкімдігінің «Семей қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс - шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 3 наурыздағы № 172 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30-18 болып тіркелген), (әкімдіктің 2024 жылғы 4 шілдедегі № 558 қаулысымен енгізілген өзгерістермен), келесідей өзгерістер енгізілсін: осы қаулының қосымшасына сәйкес қосымшадағы Ережеге өзгерістер енгізілсін.
Тармақ 2
2. «Семей қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Д. Т. Шаяхметова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын; осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Рустам Ерболович Айткуловқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.
Басқа 5. Семей қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс - шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына енгізілетін өзгерістер
Қала әкімдігінің 2026 жылғы « 3 » сәуірдегі № 434 қаулысына қосымша Семей қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс - шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына енгізілетін өзгерістер
Тармақ 1
1. 1 - тараудың 2 - тармағында: 3) тармақшада: «шатырлары,» сөзінен кейін «кіреберіс жерлердегі қорғауыштар (қалқалар),» деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. 9) тармақша келесідей редакцияда жазылсын: «көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй - жайларының меншік иелері жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) - кондоминиум нысанын басқаруға қатысты шешімдерді ұжымдық талқылауды және (немесе) қабылдауды қамтамасыз ететін жоғары басқару органы»;
Тармақ 3
3. 10 - тармақпен толықтырылсын: «басқарушы компания - кондоминиум нысанын басқару туралы жасалған шарт немесе көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері мен тұрғын емес үй -жайларының меншік иелері жиналысының хаттамасы негізінде кондоминиум нысанын басқару бойынша қызмет көрсететін кәсіпкерлік субъектісі;»
Тармақ 4
4. 11 - тармақпен толықтырылсын: «пәтерлер (тұрғын емес үй - жайлар) иелерінің кооперативі - кондоминиум нысанын басқару туралы жасалған шарт немесе көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері мен тұрғын емес үй - жайларының меншік иелері жиналысының хаттамасы негізінде кондоминиум нысанын басқару бойынша қызмет көрсету үшін пәтерлер мен тұрғын емес үй - жайлар иелері құрған коммерциялық емес ұйым»;
Тармақ 5
5. 2 - тарауда: 5 - тармақ келесідей редакцияда жазылсын: «Семей қаласының әкімдігі көппәтерлі тұрғын үйдің қасбетіне қатысты жұмыстарды мүлік иелері бірлестігімен, пәтерлер (тұрғын емес үй - жайлар) иелерінің кооперативімен немесе басқарушы компаниямен келісе отырып жүзеге асырады.»;
Тармақ 6
6. 6 - тармақ келесідей редакцияда жазылсын: «Бөлім құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес, әрбір көппәтерлі тұрғын үйдің қасбеті мен шатырларының техникалық жағдайын, жұмыстардың көлемін, жөндеу түрін (ағымдағы немесе күрделі) және олардың физикалық тозу дәрежесін анықтауды тексеруді ұйымдастырады».
Тармақ 7
7. 7 - тармақ алынып тасталсын;
Тармақ 8
8. 8 - тармақ алынып тасталсын;
Тармақ 9
9. 3 - тараудың 11) тармағында: «құны» сөзінен кейін «реконструкциясы,» сөзімен толықтырылсын.
Тармақ 10
10. 3 - тараудың 12 - тармағында: «жұмыстар бойынша» деген сөздерден кейін «реконструкциясы» сөзімен толықтырылсын;
Тармақ 11
11. 13 - тармақта: «жұмыстар бойынша» деген сөздерден кейін «реконструкциясы» сөзімен, «техникалық қадағалау» сөзінен кейін «(күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген жағдайда)» деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақ 12
12. 4 - тараудың 14 - тармағында: «іс шаралар бойынша» деген сөздерден кейін «реконструкциясы» сөзімен толықтырылсын.