О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 3 июля 2023 года № 448 «Об утверждении Правил разработки, согласования проектов подзаконных нормативных правовых актов» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 3 шілдедегі № 448 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 3 шілдедегі № 448 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33023 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларында: 21-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «8) Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу туралы талап қолданылмайтын қаулы жобаларын қоспағанда, қаулы жобасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамасының қорытындысы. Қорытындыда көрсетілген ұсынымдар қабылданбаған жағдайда - қаулы жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы жүргізу бойынша үйлестіруді жүзеге асырған уәкілетті ұйымның атына жауаптың көшірмесі, оларды қабылдамау себептерінің негіздемелерімен бірге;».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Конституциялық заңнама және мемлекеттік басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.