О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 3 марта 2023 года № 82 «Об утверждении Правил прохождения курсов повышения квалификации и получения сертификата о прохождении курсов повышения квалификации бонитером (классификатором), техником-осеменатором и специалистом по трансплантации (пересадке) эмбрионов» Қолданыста
Басқа 0
«Бонитердің (сыныптаушының), техник-ұрықтандырушының және эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі маманның біліктілікті арттыру курстарынан өту және біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификатты алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 3 наурыздағы № 82 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Бонитердің (сыныптаушының), техник-ұрықтандырушының және эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі маманның біліктілікті арттыру курстарынан өту және біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификатты алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 3 наурыздағы № 82 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32047 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бонитердің (сыныптаушының), техник-ұрықтандырушының және эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі маманның біліктілікті арттыру курстарынан өту және біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификатты алу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізіліміне (бұдан әрі – тізілім) енгізілген бонитерлер (сыныптаушылар), техник-ұрықтандырушылар және эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі мамандар үш жылда бір рет біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.
Көрсетілген мерзімді есептеу асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарлама тізілімге енгізілген жылдан кейінгі жылдан басталады.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.