О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 3 февраля 2025 года № 76 «Об установлении величины процентной ставки комиссионного вознаграждения некоммерческого акционерного общества «Фонд социального медицинского страхования» на 2025 год, в рамках предельной величины, установленной Правительством Республики Казахстан» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекті шама шеңберінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2025 жылға арналған комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 3 ақпандағы № 76 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН: «Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекті шама шеңберінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының 2025 жылға арналған комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 3 ақпандағы № 76 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қор) 2025 жылға арналған қызметін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шама шеңберінде Қордың комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасы есепті айда Қордың шотына түскен активтер мөлшерінің 1,23 пайызы белгіленсін.»
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономика, қаржы және корпоративтік басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрық қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрдегі оның көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.