О временном приостановлении действия подпунктов 3, 4, 5 пункта 1.11.1 приложения к решению XXV-й сессии Алматинского городского Маслихата I-го созыва от 14 мая 1999 года "Об утверждении Комплексной программы оздоровления экологической обстановки города Алматы "Таза ауа - Жанга дауа" на 1999-2015 годы" до 2015 года зарегистрировано в Управлении юстиции города Алматы № 57 от 11.06.99 года, внесены изменения и дополнения решениями Алматинского городского Маслихата II-го созыва ХIII-й сессии от 3 Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"1999-2015 жылдарға арналған "Таза ауа-Жанға дауа" Алматы қаласының экологиялық ахуалуын сауықтырудың кешендi бағдарламасын бекiту туралы" I-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 1999 жылғы 14 мамырдағы XXV-сессиясының шешiмiне қосымшаның 1.11.1 тармағының 3, 4, 5 тармақшаларының күшiн 2015 жылға дейiн уақытша тоқтата тұру туралы Әдiлет басқармасында 11.06.99 жылы N 57 болып тiркелген, II-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 31.10.2001 жылғы XIII-i сессиясының, (20.11.2001 N 404 болып тiркелдi), 23.01.2002 жылғы ХV-i сессиясының (22.02.2002 N 436 болып тiркелдi), шешiмдерiмен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлдi 03.01. 2001 жылы, 6.03.2002 жылы "Вечерний Алматы", 03.11. 2002 жылы "Алматы Ақшамы" газеттерiнде жарияланды Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" заңының 6 бабы 1 тармағы 2 тармақшасына, Алматы қаласының тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн энергия көздерiнiң жұмысын тұрақтандыру мақсатында және "Алматы Пауэр Консолидэйтед" компаниясының ТЭЦ-1, ТЭЦ-2, Батыс жылу кешенi мен "Алматыжылукоммунэнерго" акционерлiк қоғамы жылу көздерi жылыту маусымында газбен толық қамтамасыз етiлмейтiндiгiн ескере отырып III-сайланған Алматы қаласының Мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1."1999-2015 жылдарға арналған "Таза ауа-Жанға дауа" Алматы қаласының экологиялық ахуалын сауықтырудың кешендi бағдарламасын бекiту туралы" I-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 1999 жылғы 14 мамырдағы XXV-сессиясының шешiмiне қосымшаның 1.11.1 тармағының 3, 4, 5 тармақшаларының күшi 2015 жылға дейiн уақытша тоқтатылсын.
Тармақ 2
2. "Алматы Пауэр Консолидэйтед" жабық акционерлiк қоғамы 2015 жылға дейiн қамтамасыз етсiн:
Тармақша 1
1) ТЭЦ-1 және Батыс жылу қазандығының жұмысын жобалық сападағы көмiрмен және мазутпен тек жылу беру мерзiмiнде ғана;
Тармақша 2
2) ТЭЦ-2-нiң жұмысын жобалық сападағы көмiрмен.
Тармақ 3
3. "Алматыжылукоммунэнерго" акционерлiк қоғамы жобалық сападағы көмiрдi және мазутты тек жылу беру мерзiмiнде ғана пайдаланатын болсын.
Тармақ 4
4. Алматы қаласының әкiмдiгi, Алматы қалалық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы атмосфераға зиянды қалдықтардың нормативтiк шығарылуына тұрақты қадағалауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 5
5. "1999-2015 жылдарға арналған "Таза ауа - Жанға дауа" Алматы қаласының экологиялық ахуалын сауықтырудың кешендi бағдарламасын бекiту туралы" I-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 1999 жылғы 14 мамырдағы XXV-i сессиясының шешiмiне қосымшаның 2.5 тармағының 2, 3, 4 тармақшаларының күшiн 2005 жылға дейiн уақытша тоқтата тұру туралы" II-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 2001 жылғы 31 қазандағы XIII-i сессиясы шешiмiнiң күшi жойылған деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы шешiмнiң орындалуын қадағалау экология және төтенше жағдайлар мәселелерi жөнiндегi тұрақты депутаттық комиссияға ( А.Б. Бiртанов) және Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары А.З. Мурзинге жүктелсiн.