О присвоении имени Жумабека Ташенова безымянной улице жилого массива Заречный-3 города Актобе Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.08.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтөбе қаласының Заречный-3 тұрғын үй алабының атаусыз көшесіне Жұмабек Тәшеновтің есімін беру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 және 27-баптарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына, «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 23 қыркүйектегі қорытындысына, Ақтөбе қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясының өткізілген көпшілік тыңдауының хаттамасына сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған схемалық картаға сәйкес, Ақтөбе қаласының Заречный-3 тұрғын үй алабының атаусыз көшесіне Жұмабек Тәшеновтің есімі берілсін.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысының және мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Т. Шерияздановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4