Об оказании социальной помощи инвалидам 3 группы и пенсионерам, получателям социального пособия по возрасту и минимальной пенсии Күшін жойған
Басқа 0
3 топтағы мүгедектерге, ең төменгі зейнетақы алатын және жасына байланысты әлеуметтік төлем алатын зейнеткерлерге әлеуметтік көмек көрсету туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағы 14) тармақшасына, «2007 жылға аудандық бюджет туралы» 2006 жылғы 27 желтоқсандағы № 33-2 шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 17 қазандағы № 2-1 аудандық мәслихатының шешіміне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 3 топтағы мүгедектерге, ең төменгі зейнетақы алатын және жасына байланысты әлеуметтік төлем алатын зейнеткерлерге айлық есептік көрсеткіштің елу пайызы молшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
Тармақ 2
2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Мұқалықова С.С) 2007 жылғы желтоқсан айларында жоғарыда көрсетілген азаматтардың санаттарына әлеуметтік көмекті төлеуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Аудандық қаржы бөлімі (Тезекбаев Н.К.) көмек көрсетуге арналған шығыстарды уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары З.Ж. Молдағанаповқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы ресми жарияланған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.