Об установлении требований и особенностей проведения оценки соответствия, а также выпуска в обращение транспортных средств, ввозимых из третьих стран представителями иностранных изготовителей, со дня изготовления которых прошло не более 3 лет Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сәйкестікті бағалауды жүргізудің, сондай-ақ шетелдік дайындаушылардың өкілдері үшінші елдерден әкелетін, шығарылған күнінен бастап 3 жыл өтпеген көлік құралдарын айналысқа шығарудың талаптары мен ерекшеліктерін белгілеу туралы «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентін қабылдау туралы» Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімінің 3-тармағының 3.2.7-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес сәйкестікті бағалауды жүргізудің, сондай-ақ шетелдік дайындаушылардың өкілдері үшінші елдерден әкелетін, шығарылған күнінен бастап 3 жыл өтпеген көлік құралдарын айналысқа шығарудың талаптары мен ерекшеліктері белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі осы қаулыға қосымшаға сәйкес сәйкестікті бағалаудан өткен көлік құралдарының алғашқы мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.
Басқа 1. Сәйкестікті бағалауды жүргізудің, сондай-ақ шетелдік дайындаушылардың өкілдері үшінші елдерден әкелетін, шығарылған күнінен бастап 3 жыл өтпеген көлік құралдарын айналысқа шығарудың талаптары мен ерекшеліктері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы «___» _________ №____ қаулысына қосымша Сәйкестікті бағалауды жүргізудің, сондай-ақ шетелдік дайындаушылардың өкілдері үшінші елдерден әкелетін, шығарылған күнінен бастап 3 жыл өтпеген көлік құралдарын айналысқа шығарудың талаптары мен ерекшеліктері
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы сәйкестікті бағалауды жүргізудің, сондай-ақ шетелдік дайындаушылардың өкілдері үшінші елдерден әкелетін, шығарылған күнінен бастап 3 жыл өтпеген көлік құралдарын айналысқа шығарудың талаптары мен ерекшеліктері (бұдан әрі – талаптар) «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентін қабылдау туралы» Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімінің (бұдан әрі – Комиссия шешімі) 3-тармағы 3.2.7-тармақшасының үшінші абзацына сәйкес әзірленді. Осы талаптар Қазақстан Республикасына шетелдік дайындаушылардың ресми өкілдері әкелетін, шығарылған күнінен бастап 3 жыл өтпеген «Cadillac» маркалы М1 санатындағы кейбір доңғалақты көлік құралдарына (бұдан әрі – көлік құралдары) қолданылады.
Тармақ 2
2. Осы талаптарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) айналысқа шығару – мүдделі тұлғаларға Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында көлік құралын (шассиді) немесе компоненттер партиясын шектеусіз пайдалануға және оларға билік етуге рұқсат беру;
Тармақша 2
2) көлік құралын мемлекеттік тіркеу – құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексергеннен, көлік құралының сәйкестендіру нөмірлерін салыстырып тексергеннен кейін көлік құралын тіркеу туралы куәлікті бере отырып және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін бере отырып уәкілетті орган жүзеге асыратын, көлік құралының жол жүрісіне қатысуына рұқсат беру рәсімі;
Тармақша 3
3) көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік – көлік құралының жол жүрісіне қатысуға жіберілгенін растайтын құжат;
Тармақша 4
4) көлік құралының типін мақұлдау – айналысқа шығарылатын бір типке жататын көлік құралдарының Комиссия шешімімен бекітілген «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 018/2011) Кеден одағының техникалық регламентінің (бұдан әрі – техникалық регламент) талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат;
Тармақша 5
5) сәйкестiктi растау жөнiндегi орган – сәйкестiктi растау жөнiндегi қызметті жүзеге асыру үшiн белгiленген тәртiппен аккредиттелген заңды тұлға;
Тармақша 6
6) сынақ зертханасы (орталығы) – сынақтарды (зерттеулерді) жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның құрылымдық бөлімшесі;
Тармақша 7
7) техникалық хатшылық – көлік құралы типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігін тексеру, көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы берілген куәліктер жөніндегі мәліметтерді жинау және көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйым;
Тармақша 8
8) типті мақұлдау – көлік құралының (шассидің) осы көлік құралының (шассидің) типіне қатысты белгіленген техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалау нысаны.
Тарау 2. 2-тарау. Шетелдік дайындаушылардың өкілдері үшінші елдерден әкелетін, шығарылған күнінен бастап 3 жыл өтпеген көлік құралдарының сәйкестігін бағалауды жүргізудің талаптары мен ерекшеліктері
2-тарау. Шетелдік дайындаушылардың өкілдері үшінші елдерден әкелетін, шығарылған күнінен бастап 3 жыл өтпеген көлік құралдарының сәйкестігін бағалауды жүргізудің талаптары мен ерекшеліктері
Тармақ 3
3. Көлік құралдарының сәйкестігін бағалау типті мақұлдау нысанында жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Техникалық регламентке № 2 және 3 қосымшаларда көзделген талаптарға қатысты дәлелдемелік материалдар ретінде 1д, 3д, 4д, 6д немесе 7д декларациялау схемалары бойынша сәйкестік туралы декларацияларды қабылдауға жол беріледі. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген сәйкестік туралы декларациялары FMVSS (Federal motor Vehicle Safety Standards) және EPA (Environmental Protection Agency) стандарттарына сәйкестікті растайтын сәйкестікті бағалау туралы шетелдік құжаттар немесе сынақ хаттамалары негізінде ресімделеді.
Тармақ 5
5. Көлік құралдарының типтеріне қойылатын талаптардың орындалуын тексеруді сәйкестікті растау жөніндегі органдар жүзеге асырады. Қажетті сынақтарды «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары) (бұдан әрі – аккредиттелген сынақ зертханалары) жүргізеді.
Тармақ 6
6. Типті мақұлдауды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген, дайындаушы уәкілеттік берген, оның атынан әрекет ететін және өз өнімінің сәйкестігін бағалауды жүргізуге дайындаушы өкілеттік берген тұлға өтініш беруші бола алады.
Тармақ 7
7. Типті мақұлдау мынадай талаптар бойынша жүргізіледі:
Тармақша 1
1) сәйкестікті растау жөніндегі органға өтінім беру, онда өтініш берушінің атауы мен деректемелері, көлік құралының типі, көлік құралының типіне бұған дейін берілген мақұлдау туралы мәліметтер (бұдан әрі – өтінім) көрсетіледі. Көлік құралының типіне қатысты сәйкестікті растау жөніндегі бір органға бір өтінім беріледі. Өтінімге техникалық регламентке № 12 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша құжаттар қоса беріледі;
Тармақша 2
2) сәйкестікті растау жөніндегі органның күнтізбелік 15 күн ішінде өтінім бойынша шешім қабылдауы, өтініш берушімен жұмыстарды орындауға шарт (келісімшарт) жасасуы. Шешімде: құжаттарды тану мүмкіндігі және жеткіліктілігі; жетіспейтін дәлелдемелік материалдарды алу мақсатында сынақтар жүргізу қажеттігі; өндіріс жағдайларын тексеру қажеттігі мен мерзімдері көрсетіледі;
Тармақша 3
3) аккредиттелген сынақ зертханасының көлік құралдарының ұсынылған үлгілерін сәйкестендіруді жүргізуі, оларды сертификаттау сынағы, олардың әрқайсысына дайындаушы жасаған және аккредиттелген сынақ зертханасы куәландырған техникалық сипаттама қоса берілетін хаттамаларды ресімдеу;
Тармақша 4
4) дайындаушының өндірісіне талдау жүргізу;
Тармақша 5
5) сәйкестікті растау жөніндегі органның сәйкестік туралы декларацияларды тіркеуі және (немесе) техникалық регламентке № 2 және 3 қосымшаларда көзделген жекелеген талаптарға көлік құралының сәйкестік сертификаттарын ресімдеу және оларды өтініш берушіге беру;
Тармақша 6
6) сәйкестікті куәландыратын құжатты ресімдеу сәтінде қолданыста болған техникалық регламенттің талаптарына көлік құралының сәйкес болуы шартымен осы тармақтың 3), 4) және 5) тармақшаларының орындалуы негізінде сәйкестікті растау жөніндегі органның көлік құралының типін мақұлдауды ресімдеу мүмкіндігі туралы қорытынды дайындауы;
Тармақша 7
7) сәйкестікті растау жөніндегі органның көлік құралының типін мақұлдауды ресімдеуі;
Тармақша 8
8) техникалық хатшылықтың көлік құралының типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігін тексеруі;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органының көлік құралының типін мақұлдауын бекітуі және тіркеуі;
Тармақша 10
10) көлік құралдарының типін мақұлдау қолданылатын кезеңде сәйкестікті растау жөніндегі органның көлік құралдарының техникалық регламент талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыруы.
Тармақ 8
8. Аккредиттелген сынақ зертханасы сәйкестікті растау жөніндегі органның шешімі негізінде өтініш беруші ұсынған техникалық сипаттамаларға сараптама жүргізеді, көлік құралдарының үлгілерін сәйкестендіреді және оларды сынайды, сынақ хаттамаларын ресімдейді, оларды тіркеуді және есепке алуды ұйымдастырады. Аккредиттелген сынақ зертханасы жүргізілген сынақтардың және ұсынылған құжаттардың техникалық сараптамасының нәтижелері бойынша жиынтықты көлік құралын сәйкестендіру және сынау нәтижелерінің хаттамасын ресімдейді және оны сәйкестікті растау жөніндегі органға береді.
Тармақ 9
9. Көлік құралының типін мақұлдау 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.
Тармақ 10
10. Сәйкестікті растау жөніндегі орган техникалық хатшылыққа мынадай құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) сәйкестікті растау жөніндегі орган басшысының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған көлік құралының типін мақұлдау;
Тармақша 2
2) сәйкестікті бағалау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге өтінім;
Тармақша 3
3) өтінім бойынша сәйкестікті растау жөніндегі органның шешімі;
Тармақша 4
4) сәйкестікті растау жөніндегі органның қорытындысы (ұсынылған құжатты ресімдеу кезінде қолданылатын рәсімге байланысты техникалық регламенттің 40, 60 және 65-тармақтарына сәйкес);
Тармақша 5
5) техникалық регламентке № 12 қосымшаның ережелерін ескере отырып ресімделген көлік құралдарының жалпы техникалық сипаттамасы;
Тармақша 6
6) техникалық регламентке № 13 қосымшаға сәйкес ресімделген дайындаушының өндіріс жағдайларын тексеру нәтижелері туралы сәйкестікті растау жөніндегі органның актісі (көлік құралының типін мақұлдауды беру алдында тексеру жағдайында) немесе дайындаушының өндіріс жағдайларын тексеруді талдау материалын (егер мұндай тексеру жүргізілсе);
Тармақша 7
7) техникалық регламенттің 32-тармағында көзделген аккредиттелген сынақ зертханасы ресімдеген жиынтық көлік құралын сәйкестендіру және сынау нәтижелерінің хаттамалары (ресімдеу кезінде);
Тармақша 8
8) көлік құралының типін мақұлдауды ресімдеу кезінде жиынтықты көлік құралын сәйкестендіру және сынау нәтижелерінің хаттамалары;
Тармақша 9
9) өнімнің техникалық регламент талаптарына сәйкестігін растайтын, көлік құралының типін мақұлдауды ресімдеу үшін негіз болған дәлелдемелік материалдар (типті ресми бекіту туралы хабарлама, сәйкестік сертификаты, сәйкестік туралы декларация, сынақ хаттамасы, техникалық сараптама хаттамасы);
Тармақша 10
10) дайындаушы мен өтініш беруші арасындағы техникалық регламенттің талаптарына сәйкес дайындаушыға сәйкестікті бағалауды жүргізуге өкілеттік беру туралы және көлік құралдарының (шассидің) қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дайындаушымен ортақ жауапкершілік туралы келісім;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 397-НҚ бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23034 болып тіркелген) Көлік құралы типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігін тексеру жөніндегі қағидаларға (бұдан әрі – Қағидалар) № 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралы типін мақұлдаулардың, шасси типін мақұлдаулардың сәйкестендіру карточкасы.
Тармақ 11
11. Техникалық хатшылық осы талаптардың 4 және 10-тармақтарында көзделген талаптар мен ерекшеліктерді ескере отырып, Қағидаларға сәйкес көлік құралының типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігін тексеруді жүзеге асырады. Техникалық хатшылық құжаттарды қарауды техникалық хатшылыққа келіп түскен күннен бастап есептелетін 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Көлік құралы типін мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігін тексерудің нәтижесі оң болса, техникалық хатшылық Қағидалардың 8-тармағына сәйкес көлік құралы типін мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігін тексеру қорытындысын ресімдейді және оны техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға ұсынады.
Тармақ 13
13. Ұсынылған құжаттар толық болмаған және (немесе) олар осы талаптардың 4 және 10-тармақтарында белгіленген талаптар мен ерекшеліктерге сәйкес келмеген жағдайларда техникалық хатшылық Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабында белгіленген талаптарды сақтай отырып, күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде сәйкестікті растау жөніндегі органға ұсынылған құжаттарды жазбаша дәлелді бас тартумен қоса қайтарады.
Тарау 3. 3-тарау. Шетелдік дайындаушылардың өкілдері үшінші елдерден әкелетін, шығарылған күнінен бастап 3 жыл өтпеген көлік құралдарын айналысқа шығару
3-тарау. Шетелдік дайындаушылардың өкілдері үшінші елдерден әкелетін, шығарылған күнінен бастап 3 жыл өтпеген көлік құралдарын айналысқа шығару
Тармақ 14
14. Көлік құралдары:
Тармақша 1
1) осы талаптардың 4-тармағында көзделген талаптар мен ерекшеліктерді ескере отырып, техникалық регламентке сәйкес келсе;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының аумағында ғана болса, нарықта айналысқа жіберіледі.
Тармақ 15
15. Көлік құралының типін мақұлдауда «Қосымша ақпарат» деген жолда «Бұл көлік құралының типін мақұлдау Қазақстан Республикасының аумағында ғана қолданылады» деген жазу жазылады. Көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте «Ерекше белгілер» деген бағанда «Комиссия шешімінің 3-тармағы 3.2.7-тармақшасының төртінші абзацы негізінде көлік құралын иелену, пайдалану, оған билік ету құқықтарын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының аумағында ғана жол беріледі» деген жазу жазылады.
Тармақ 16
16. Көлік құралының электрондық паспортында «Өзге ақпарат» деген бағанда «Комиссия шешімінің 3-тармағы 3.2.7-тармақшасының төртінші абзацы негізінде көлік құралын иелену, пайдалану, оған билік ету құқықтарын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының аумағында ғана жол беріледі» деген жазу жазылады. __________________________________