О внесении изменения в решение 30 сессии Абайского районного маслихата от 12 июня 2014 года № 30/310 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Абайского района» Күшін жойған
Басқа 0
Абай ауданының мәслихатының
2014 жылғы 12 маусымдағы
30 сессиясының № 30/310 «Абай
ауданының Әлеуметтік көмек
көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж
азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидаларын бекіту туралы» шешіміне
өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына және 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 39 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы» қаулысына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Абай ауданының мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы 30 сессиясының № 30/310 «Абай ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2670 болып тіркелген, 2014 жылғы 12 шілдедегі № 27 (4030) "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде, 2014 жылғы 17 шілдедегі «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
Тармақша 1
1) көрсетілген шешіммен бекітілген Абай ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларының 2 тармағының 9 тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«9) өкілетті ұйым - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
«Абай ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
З. Шакентаев
2016 жылғы 14 наурыз