О внесении изменения в решение 30 сессии Абайского районного маслихата от 12 июня 2014 года № 30/310 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Абайского района» Күшін жойған
Басқа 0
Абай аудандық мәслихатының
2014 жылғы 12 маусымдағы
30 сессиясының № 30/310 «Абай
ауданының Әлеуметтік көмек
көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж
азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидаларын бекіту туралы» шешіміне
өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушысының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 37 «Өрлеу» жобасына қатысуға арналған құжаттар нысандарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы 30
сессиясының № 30/310 «Абай ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2674 болып тіркелген, 2014 жылғы 12 шілдедегі № 27 (4030) «Абай-Ақиқат» аудандық газетінде, 2014 жылғы 17 шілдедегі «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Абай ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларының:
26-2 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«26-2. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушысының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 37 «Өрлеу» жобасына қатысуға арналған құжаттар нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес жасалады (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15016 болып тіркелген).».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.