О внесении дополнения в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 30 октября 1992 года N 906 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.10.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 30 қарашадағы N 906 қаулысына толықтыру енгiзу туралы Сауда-экономикалық қатынастар мен мәдени байланыстарды одан әрi дамыту және басқа мемлекеттерден жүк-жолаушы тасқынын ұлғайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасындағы өткiзу пункттерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 30 қазандағы N 906 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн: 3-тармақ мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын: "Маңғыстау облысы Баутино кентiндегi "Баутино" теңiз порты".
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгі белгiленген тәртiппен мүдделi шетел мемлекеттерi өкiлдiктерiнiң назарына халықаралық теңiз тасымалдары үшiн өткiзу пунктi ашылғаны туралы ақпаратты жеткiзсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.