О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 октября 1996 года № 1316 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 30 қазандағы N 1316 қаулысына толықтыру енгiзу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінiң 29.03.2002 № 373 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi және ақпараттық қызмет көрсетулердi мемлекеттiк тiркеу үшiн ақы алудың тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 30 қазандағы N 1316 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 43, 413-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
аталған қаулымен бекiтiлген Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу және ақпараттық қызмет көрсеткенi үшiн төлем алу тәртiбi туралы ережеде:
4-тармақ "зейнеткерлер" деген сөзден кейiн "сондай-ақ заң актiлерiне сәйкес тиiстi жеңiлдiктердi пайдаланатын өзге де адамдар" деген сөздермен толықтырылсын.