О внесении изменений и дополнения в постановления Правительства Республики Казахстан от 30 июня 1997 года N 1037 и от 26 ноября 1997 года N 1659 Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.06.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 және 1997 жылғы 26 қарашадағы N 1659 қаулыларына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
Тармақ 1
1. (Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.06.12. N 578 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
Тармақ 2
2. "Уран мен оның қосылыстарының, атом энергетикасы станцияларына арналған ядролық отынның, арнаулы жабдықтар мен технологиялардың, қос мақсатта қолданылатын материалдардың экспорты мен импорты жөнiндегi ұлттық оператор туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 26 қарашадағы N 1659 қаулысына: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Уран мен оның қосылыстарының, атом энергетикасы станцияларына арналған ядролық отынның, арнаулы жабдықтар мен технологиялардың, қос мақсатта қолданылатын материалдардың экспорты мен импорты жөнiндегi ұлттық оператор туралы ережеде: 5-тармақтың жетiншi абзацында "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң рұқсаты арқылы" деген сөздер "заңнамада белгiленген тәртiппен" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.