О внесении изменений в постановление НКЦБ от 30 июля 1997 года N 113 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
БҚҰК 1997 жылғы 30 шілдедегі N 113 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Бағалы қағаздар рыногының кәсіпқой қатысушыларына қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 29 тамыздағы N 318 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерге кастодиандық қызметті жүргізуге келісім беру және олардың мемлекеттік емес зейнетақы жинақтау қорларының жарғылық капиталына және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияларға қатысу шарттары туралы ережеге сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. БҚҰК 1997 жылғы 30 шілдедегі N 113  V970361_  қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: - 1-тармақтағы "1250000 есепті көрсеткіш" деген сөздер "1 миллиард теңге" деген сөздермен ауыстырылсын; - 3-тармақтағы "1997 жылдың 1 қарашасына дейін" деген сөздер "1998 жылдың 1 мамырына дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау Рынокты реттеу басқармасына және Ұлттық комиссияның жетекшілік ететін мүшесіне жүктелсін.