О внесении изменений в постановление Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам "О требованиях, предъявляемых к профессиональным участникам рынка ценных бумаг" от 30 июля 1997 года N 113 Күшін жойған
Басқа 0
"Бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларына қойылатын талаптар туралы" Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1997 жылғы 30 шiлдедегi N 113 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
Бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың капитализациялау деңгейiн көтеру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы туралы ереженiң 4-тармағы 9) тармақшасының негізінде Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1997 жылғы 04 қыркүйекте 361 нөмiрмен тiркелген "Бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларына қойылатын талаптар туралы" Ұлттық комиссияның 1997 жылғы 30 шiлдедегi N 113 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн (Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер жинағы, 1998 ж., ІІ том, 104, 129, 141-беттер):
Тармақша 1
1) 1-тармақтағы "1 миллиард" деген сөздер "2 миллиард" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 3
"3. Кастодиандық қызметтi жүзеге асыруға лицензияларды иеленген ұйымдар өз капиталдарын мынадай мерзiмдерде төменде көрсетiлген деңгейлерге жеткiзсiн:
Тармақша 1
1) кемiнде 1,5 миллиард теңгеге - 2000 жылғы 01 қазанға дейiн;
Тармақша 2
2) кемiнде 2 миллиард теңгеге - 2001 жылғы 01 көкекке дейiн.".
Тармақ 2
2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күнiнен бастап күшiне енетiндiгi белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметi - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның, бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының (оларға осы Қаулыны өз мүшелерiнiң назарына жеткiзу жөнiндегi мiндеттi жүктей отырып), "Бағалы қағаздар орталық депозитарийi" ЖАҚ-ның және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" Заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң назарына жеткiзсiн.
Тармақ 4
4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасы:
Тармақша 1
1) осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың назарына жеткізсін;
Тармақша 2
2) осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға ниет білдірген ұйымдардың назарына жеткізілсін;
Тармақша 3
3) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.