О внесении дополнения в постановление Национальной комиссии Республики Казахстан от 30 июля 1997 года N 113 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1997 жылғы 30 шілдедегі N 113 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтi реттеу және инвесторлардың құқықтарын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы туралы ереженiң 4-тармағы 9) тармақшасының негiзiнде Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде 1997 жылғы 04 қыркүйекте 361 нөмiрмен тiркелген "Бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларына қойылатын талаптар туралы" Ұлттық комиссияның 1997 жылғы 30 шiлдедегi N 113 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн (Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер жинағы, 1998 ж., II том, 104, 129, 141-беттер; "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналына қосымша, 2000 ж., 2(3), 15-бет):
Тармақша 1
1) мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
Тармақ 3-1
"3-1. Кастодиандық қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың өз капиталдарын есептеу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң екiншi деңгейдегi банктерге арналған пруденциялық нормативтердi белгiлейтiн нормативтi құқықтық актiлерiне сәйкес жүргізiлетiндiгі белгiленсiн.".
Тармақ 2
2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күнiнен бастап күшiне енетiндiгi белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметi - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның, бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының (оларға осы Қаулыны өз мүшелерiнiң назарына жеткiзу жөнiндегі мiндеттi жүктей отырып), "Бағалы қағаздар орталық депозитарийi" ЖАҚ-ның және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгінiң назарына жеткiзсiн.
Тармақ 4
4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасы:
Тармақша 1
1) осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң және бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың назарына жеткiзсiн;
Тармақша 2
2) осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға ниет білдірген ұйымдардың назарына жеткізсін;
Тармақша 3
3) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.