О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 1997 года № 1864 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 желтоқсандағы N 1864 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"1998 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 желтоқсандағы N 1864 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
29-тармақтағы "үш процент" деген сөздер "бес процент" деген сөздермен ауыстырылсын;
29-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Делдалдың (андеррайтердiң) қызметiн пайдалану арқылы акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн сату кезiндегi шығындардың сомасы осы тармақтың бiрiншi абзацында белгiленген шектi мөлшер есепке алынбастан, жоғарыда аталған қызметтердi көрсетуге арналған шартпен айқындалады".