О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 30 июня 1998 года № 3985 Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3985 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Шетелдік инвесторлар кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3985 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 18, 156-құжат; 2000 ж., № 17, 168-құжат; 2003 ж., № 45, 486-құжат; 2007 ж., № 14, 160-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі туралы ережеде: 8-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары,» деген сөздер алынып тасталсын; 13-тармақтың бірінші абзацындағы «100» және «25» деген цифрлар тиісінше «500» және «125» деген цифрлармен ауыстырылсын;
Тармақ 18
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 18
«18. Комиссия қазақстандық тараптың төрт өкілінен және шетелдік тараптың төрт өкілінен тұрады. Қазақстандық тараптан Комиссия мүшелері лауазымы бойынша мыналар болып табылады: Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі (Комиссия төрағасы), Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі, Кеңестің жұмыс органының бірінші басшысы (Комиссия хатшысы).»;
Тармақ 19
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 19
«19. Комиссия отырыстары жылына кемінде бір рет өткізіледі. Комиссияның шешімдері көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең бөлінген жағдайда Комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады.».
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті                                         Н. Назарбаев