О внесении изменений и дополнений в Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий, защите конкуренции и поддержке малого бизнеса от 30 декабря 1999 года N 24-ОД Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.12.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегi агенттiгi төрағасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 24-ОД бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Темiр жол көлiгiмен жүк тасымалдау тарифтерiне төмендету коэффициенттерiн қолдану кезеңдерiн белгiлеу мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Мемлекеттiк реттеуге жататын темiр жол көлiгiмен жүк тасымалдау тарифтерiне төмендету коэффициенттерiн белгiлеу және алып тастау ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 24-ОД V991024_ бұйрығына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: Көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Мемлекеттiк реттеуге жататын темiр жол көлiгiмен жүктi тасымалдау тарифтерiне төмендету коэффициенттерiн белгiлеу және алып тастау ережелерiнде: 8-тармақтағы "бiрақ ол күнтiзбелiк жылдың аяғына дейiнгiден аспауға тиiс" деген сөздер алынып тасталсын; 4-бөлiмнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "4. Төмендету коэффициенттерiнiң қолданылу күшiн алып тастау және ұзарту тәртiбi"; 21-тармақтағы "өздiгiнен алып тастауға" деген сөздерден кейiн "не, өнеркәсiп өндiрiсi жанама өнiмiнiң экологиялық қауiптi жағдайында, олардың қолданылу күшiн ұзартуға құқылы, бiрақ бiр тоқсаннан аспауға тиiс." деген сөздермен толықтырылсын; 23-тармақтың екiншi абзацы "алып тастау" деген сөзден кейiн "немесе қолданылу күшiн ұзарту" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Құқықтық, нормативтiк және әдiснамалық қамтамасыз ету департаментi (Рахымжанов А.Т.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Әкімшілік жұмыс департаменті (Досан Б.Б.) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оны Агенттіктің аумақтық органдарының, мүдделі министрліктер мен ведомстволардың, көлік кәсіпорындарының назарына жеткізсін.
Тармақ 4
4. Жиынтық талдау және бақылау-инспекторлық жұмыс департаменті (Ержанова С.А.) ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге де мемлекеттік органдарының Нормативтік құқықтық кесімдер бюллетенінде жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік төрағасының орынбасары А.Р. Ойнаровқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы бұйрық 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.