О внесении дополнений в приказ Министерства здравоохранения, образования и спорта Республики Казахстан от 30 апреля 1999 года № 226 "О Правилах государственной регистрации лекарственных, лечебно-диагностических и косметических средств, изделий медицинского назначения, медицинской техники и продуктов лечебно-профилактического питания" (Государственная регистрация в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 мая 1999 года № 759) Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің "Дәрі-дәрмек, емдеу-диагностика және косметика құралдарын, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медицина техникасы мен емдеу-алдын алу тамақ өнімдерін мемлекеттік тіркеу ережелері туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіндегі мемлекеттік тіркеуі 1999 жылғы 17 мамырдағы № 759) 1999 жылғы 30 сәуірдегі № 226 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің "Дәрілік заттар туралы" Заң күші бар 1995 жылғы 23 қарашадағы № 2655 Жарлығына , Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" 1997 жылғы 19 мамырдағы № 111-1 Заңына сәйкес және "Қазақстан Республикасының дәрілік саясат тұжырымдамалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 мамырдағы № 584 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің "Дәрі-дәрмек, емдеу-диагностика және косметика құралдарын, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медицина техникасы мен емдеу-алдын алу тамақ өнімдерін мемлекеттік тіркеу ережелері туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіндегі мемлекеттік тіркеуі 1999 жылғы 17 мамырдағы № 759, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің 2001 жылғы 16 қарашадағы № 947/1 бұйрығымен енгізілген өзгерістері бар, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіндегі мемлекеттік тіркеуі 2001 жылғы 2 қарашадағы № 1665) 1999 жылғы 30 сәуірдегі № 226 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген дәрі-дәрмек, емдеу-диагностика және косметика құралдарын, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медицина техникасы мен емдеу-алдын алу тамақ өнімдерін мемлекеттік тіркеу ережелерінде:
20-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Тұпнұсқа препараттарды әзірлеушілер қорғау құжатының (патенттің) қолданысы аяқталғаннан кейін клиникалық сынақтар туралы мәліметтерді ұсынуы тиіс, ұдайы өндірілетін препараттарды өндірушілер биологиялық барабарлығы туралы мәліметтерді ұсынуы тиіс.";
мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:
"20-1. Республикалық бюджет бағдарламасының шеңберінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын халқын емдеу кезінде қолданылатын ұдайы өндірілетін дәрілік заттар ұзақтығы 3 айдан артық емес міндетті шектелген клиникалық сынаққа немесе биологиялық барабарлыққа (биоқолжетімділікке) арналған сынақ жүргізуге жатады."
Тармақ 2
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау вице-министрі А.Т.Айдархановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді.