О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 сентября 2000 года N 1481 Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 30 қыркүйектегi N 1481 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 06.07.2007 № 574 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. Қазақстан Республикасының " Лицензиялау туралы " 1995 жылғы 17 сәуiрдегi және " Геодезия және картография туралы " 2002 жылғы 3 шiлдедегi Заңдарын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. "Жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзуге және топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнiмдердi сатуға лицензиялар беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 30 қыркүйектегi N 1481 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 41, 479-құжат) мынадай өзгерiстер енгізілсін: тақырыбында және 1-тармақта: "сатуға лицензиялар беру ережесiн" деген сөздер "сатуды лицензиялауға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын" деген сөздермен ауыстырылсын; "сатуға лицензиялар беру ережесi" деген сөздер "сатуды лицензиялауға қойылатын бiлiктілiк талаптары" деген сөздермен ауыстырылсын; мемлекеттiк тiлдегi мәтiнде "жүргiзуге" деген сөз алынып тасталсын; көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзуге және топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнiмдердi сатуға лицензиялар беру ережесiнде: тақырыбында "сатуға лицензиялар беру ережесi" деген сөздер "сатуды лицензиялауға қойылатын бiлiктiлiк талаптары" деген сөздермен ауыстырылсын; мемлекеттiк тiлдегі мәтiнде "жүргiзуге" деген сөз алынып тасталсын; 1-тармақ және 1, 3, 4-бөлiмдер алынып тасталсын; "Бiлiктiлiк талаптары" деген 2-бөлiмде: тақырыбы алынып тасталсын; "15" және "16" тармақтар "1" және "2" тармақтар болып саналсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.