О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2000 года N 1963 и признании утратившим силу постановления Правительства Республики Казахстан от 4 декабря 2000 года N 1795 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.11.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 30 желтоқсандағы N 1963 қаулысына өзгерiстер енгізу және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 4 желтоқсандағы N 1795 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының 2000-2002 жылдарға арналған мемлекеттік инвестицияларының бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 30 желтоқсандағы N 1963 P001963_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 56, 631-құжат) мынадай өзгерiстер енгізiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2000-2002 жылдарға арналған мемлекеттік инвестицияларының бағдарламасына 3-қосымшада: "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызмет көрсету" салалық секторы мен реттiк нөмiрi 1-жол алынып тасталсын; "Барлығы" деген жолда: 6-бағандағы "1341,60" деген сан "1338,60" деген санмен ауыстырылсын; "Заемды игеру" деген жолдағы 10-бағандағы "364,82" деген сан "361,82" деген санмен ауыстырылсын; "Кепiл мөлшерi" деген жолдағы 9-бағандағы "168,00" деген сан "165,00"деген санмен ауыстырылсын. 2. "Анкара қаласында (Түркия Республикасы) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiк ғимараты кешенiн салу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 желтоқсандағы N 1795 P001795_ қаулысының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А., Жұманазарова А.Б.