О внесении дополнения и изменений в постановление Директората Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам "О порядке выдачи разрешения на приобретение за счет пенсионных активов государственных ценных бумаг, выпущенных местными исполнительными органами Республики Казахстан" от 30 июня 2000 года N 634 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Директоратының "Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқару органдары шығарған мемлекеттiк бағалы қағаздарды зейнетақы активтерi есебiнен сатып алуға рұқсат беру тәртiбi туралы" 2000 жылғы 30 маусымдағы N 634 қаулысына толықтыру мен өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Директоратының "Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқару органдары шығарған мемлекеттiк бағалы қағаздарды зейнетақы активтерi есебiнен сатып алуға рұқсат беру тәртiбi туралы" 2000 жылғы 30 маусымдағы N 634 V001213_ қаулысына (бұдан әрi - Қаулы) толықтыру мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) 1-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: "Ұлттық Банк - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi";
Тармақша 2
2) Кiрiспенi қоспағанда, қаулының бүкiл мәтiнi бойынша түрлi септiктегi "Ұлттық комиссия" деген сөздер тиiстi септiктегi "Ұлттық Банк" деген сөздермен, "Ұлттық комиссия Директоратының" деген сөздер тиiстi септiктегi "Ұлттық Банктiң Директорлар кеңесi" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 3
3) 6-тармақтағы "он" деген сөз "жиырма"деген сөзбен ауыстырылсын;
Тармақша 4
4) 7-тармақтағы "Ұлттық комиссия Төрағасының" деген сөздер "Ұлттық Банк Төрағасының" деген сөздермен ауыстырылсын, "оның орнындағы Ұлттық комиссия атқарушы директорының" деген сөздер алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
Тармақ 3
3. Бағалы қағаздар нарығын реттеу департаментi (Шалғымбаева Г.Н.):
Тармақша 1
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң мүдделi бөлiмшелерiне, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитетiне, жергiлiктi атқарушы органдарға, бағалы қағаздар рыногының өзiн-өзi басқаратын ұйымдарына және "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлiк қоғамына жiберсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсiн.