О внесении дополнений в решение маслихата города Актобе от 30 марта 2001 года № 93-а «Об утверждении правил благоустройства, санитарной очистки, соблюдения чистоты и организации уборки территории города Актобе», зарегистрированного в управлении юстиции Актюбинской области 26 апреля 2001 года за № 1044 Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.10.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтөбе қалалық мәслихатының 2001 жылғы 30 наурызындағы № 93а "Ақтөбе қаласының аумағын көркейту, санитарлық тазалау, тазалық сақтау және жинауды ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы" Ақтөбе әділет басқармасында 2001 жылғы 26 сәуірде № 1044 санымен тіркелген шешіміне толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6, 7 баптарына сәйкес Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
Ақтөбе қалалық мәслихатының 2005 жылғы 30 наурызындағы № 93а шешімімен бекітілген Ақтөбе әділет басқармасында 2001 жылғы 26 сәуірде № 1044 санымен тіркелген Көркейту, санитарлық тазалау, тазалық сақтау және Ақтөбе қаласының аумағын жинауды ұйымдастыру Ережесіне келесі толықтыру енгізілсін: «Жалпы пайдаланылатын орындарды жинау, және ұстау» II тарауы мына мазмұндағы 7 тармақпен толықтырылсын: «Белгіленбеген жерлерде хабарландырулар, афишалар, листовкалар, ескертпелер және тағы басқалар жапсыруға, сондай-ақ көшенің жол бөлігі мен жаяу жүргіншілер жолдарын, кұрылыстан бос аумақтар мен жалпы пайдаланылатын орындарды қоқыстың кез-келген түрімен бүлдіруге тыйым салынады».