О внесении изменения в приказ от 30 мая 2002 года N 248 Күшін жойған
Басқа 0
2002 жылғы 30 мамырдағы N 248 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Ескерту: Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 26.07.2006 N 273 (24.11.2006 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
"Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттауға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң 2002 жылғы 30 мамырдағы N 248 бұйрығын қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес келтiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
Тармақ 1
1. "Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттауға қойылатын
бiлiктілiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң 2002 жылғы 30 мамырдағы N 248 бұйрығына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
жоғарыда көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялауға қойылатын бiлiктiлiк талаптарында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Аудиторлыққа кандидаттар бiлiмнiң мынадай салалары бойынша емтихан тапсыру арқылы өз бiлiктiлiк деңгейiн растауы тиiс:
- азаматтық заңнама;
- қаржылық есеп;
- басқарушылық есеп;
- салық салу;
- қаржылық менеджмент;
- аудит.".
Тармақ 2
2. Бухгалтерлiк және аудит әдіснамасы департаментi белгiленген тәртiппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қаржы бiрiншi вице-министрi Б.Б.Жәмiшевке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.