О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 мая 2002 года N 596 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 мамырдағы N 596 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорындар туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар  Жарлығының  3, 18-баптарына және "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы  Заңының  21-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мемлекеттік кәсіпорындарының жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 мамырдағы N 596  қаулысына  мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: 2-тармақта ", сондай-ақ оларға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы орган" деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
Тармақ 3-1
"3-1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің, мемлекеттік кәсіпорындары қылмыстық-атқару жүйесінің ұйымдары үшін маңызды стратегиялық мәні бар ретінде олар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) жеткізуші болып белгіленсін".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі