О внесении изменений в решение Карабалыкского районного маслихата от 30 мая 2002 года № 111 «Об утверждении Правил о порядке оказания помощи малообеспеченным семьям (гражданам) на оплату содержания жилища (кроме содержания индивидуального жилого дома) и потребления коммунальных услуг», номер государственной регистрации 1636 Күшін жойған
Басқа 0
Қарабалық аудандық мәслихатының 2002 жылғы 30 мамырдағы № 111 «Тұрғын үйді ұстау (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем жасау үшін табысы аз отбасыларға (азаматтарға) көмек көрсету тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, мемлекеттік тіркеу нөмірі 1636
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы № 477-I «Халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кейбір Қазақстан Республикасының заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің 2002 жылғы 10 қаңтардағы № 31-б «Атаулы әлеуметтік көмек алуға талапкер ететін адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу ережелерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қарабалық аудандық мәслихатының 2002 жылғы 30 мамырдағы № 111 «Тұрғын үйді ұстау (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем жасау үшін табысы аз отбасыларға (азаматтарға) көмек көрсету тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы» шешіміне (мемлекеттік тіркеу нөмірі 1636) өзгерістер енгізілсін:
1) тұрмысы төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстау (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуда төлеуді (бұдан әрі - Ереже) көмек көрсету тәртібі туралы Ереженің 2-бөлімінің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«Тұрмысы төмендердің тобына жататын отбасылар (азаматтар), Қарабалық ауданы аумағында тұрақты тұратын және меншік иелері болып табылатын немесе тұрғын үйді ұстау және отбасының кіріс жиынтығынан коммуналдық қызметтерін тұтынуды төлеуге берілген шекті мүмкін болатын шығындардың үлесі жиырма бес пайыздан асатын тұрғын үйлердің қолдаушылары (жолдаушылары) тұрғын үй жәрдемақысын алушылар болып саналады»;
2) Ереженің 3-бөлімінің 6-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерінің ақысын төлеуіне жұмсалатын, мүмкін болатын шығындардың шекті үлесі, отбасының жиынтық табысына кем дегенде жиырма бес пайыз».
Тармақ 2
2. Осы шешім аумақтық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеу кезінен іс-қимылға енеді.