О внесении изменений и дополнений в решение Карабалыкского районного маслихата от 30 мая 2002 года № 111 «Об утверждении Правил о порядке оказания помощи малообеспеченным семьям (гражданам) на оплату содержания жилища (кроме содержания индивидуального жилого дома) и потребления коммунальных услуг», номер государственной регистрации 1636 Қолданыста
Басқа 0
Қарабалық ауданы мәслихатының 2002 жылғы 30 мамырдағы № 111 «Тұрғын үйді ұстау (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем жасау үшін табысы аз отбасыларға (азаматтарға) көмек көрсету тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы» шешіміне, мемлекеттік тіркеу нөмірі 1636, өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабының 1-тармағының 11-тармақшысына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 Заңының 97-бабының 2-тармағына Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 949 «Қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес әлеуметтік көмекті қажет ететін топтарды қорғау мақсатында Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Қарабалық ауданы мәслихатының 2002 жылғы 30 мамырдағы № 111 «Тұрғын үйді ұстау (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем жасау үшін табысы аз отбасыларға (азаматтарға) көмек көрсету тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы», мемлекеттік тіркеу нөмірі 1636, шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
Тармақ 1
1. Тұрмысы темен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстау (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуда төлеуді (бұдан әрі - Ереже) көмек көрсету тәртібі туралы Ереженің 3-бөлімінің 5-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «5. Тұрғын үй жәрдемақысын алғанда, есепке көлем нормасы алынады:
Тармақша 1
1) жалғыз тұратын азаматтар үшін - 18 шаршы метрге 9 шаршы метрді қосу;
Тармақша 2
2) жеке тұрғын үйде жалғыз тұратын азаматтар үшін, газ есепшісі болғанда - 18 шаршы метрге 9 шаршы метрді қосу;
Тармақша 3
3) екі адамнан тұратын отбасына - 18 шаршы метрге 9 шаршы метрді қосу;
Тармақша 4
4) үш және одан да көп адамнан тұратын отбасына - 18 шаршы метрге 18 шаршы метрді қосу.
Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтер ақысының белгіленген шамадан тыс төлеуі жалпы негіздерінде жасалады.
Отбасының бір мүшесіне электроэнергияның шығын нормасы - 45 киловатт, бірақ нақты шығындардан артық емес.
Халықтың тұрмыстық қажеттігіне, газ плитасы болғанда, сұйық газдың шығын нормасы отбасының бір мүшесіне 8,3 килограмм, бірақ отбасына шығыны екі нормадан көп емес, үш және одан да көп адамнан тұратын, немесе 8,3 килограммға 8,3 килограмм қосу.
Суық судың нормасы: орталық жылыту болмағанда ваннасыз су құбырымен және канал жүргізумен пәтер типтік тұрғын үлгілер үшін - бір адамға айына 3,3 текше метр; көше колонкаларынан суды бөлу пәтерлік типтегілер үшін айына бір адамға 1,35 текше метр; жеке жылытуымен, бірақ канал жүргізуінсіз, су құбырымен тұрғын үйлер үшін айына бір адамға - 2,25 текше метр.
Коммуналдық қызметтерді тұтыну есебінің құралдары бар, тұтынушылар үшін есепке алынатын шығындар, нақты шығындар бойынша анықталады.
Абоненттерге телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысы телефон үшін абоненттік ақының арттырылған айырмасын тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шығындардың сомасына қосу жолымен жүзеге асырылады».
Тармақ 2
2. Ереженің 5-бөлімінің 8-тармағын 12) тармақшасы келесі мазмұнымен толықтырылсын:
«12) қалалық телекоммуникациялар желесінің абонентті болып табылу фактісін растайтын құжаты (шарт не түбіртек - телекоммуникация көрсеткен қызметтері үшін есеп)».
Тармақ 3
3. Ереженің 6-бөлімінің 9-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Барлық қажетті құжаттарды тапсырған тұлғаларға, тұрғын үй жәрдемақысы арыз берген күннен бастап 3 ай мерзімінде тағайындалады».
Тармақ 4
4. Ереженің 6-бөлімінің 10-тармағы күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 5
5. Ереженің 7-бөлімі 18-тармағы келесі мазмұнымен толықтырылсын:
«18. Телефон үшін абоненттік ақы тарифінің арттырылуына өтемақы төлеуге ақшалай қаражат қажеттілігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 949 «Қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес анықталады.
Тармақ 6
6. Осы шешім әділет аумақтық басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен уақыттан бастап күшіне енеді.