О внесении дополнений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 30 июля 2003 года N 150 "О проведении прямых переговоров для предоставления права на недропользование общераспространенных полезных ископаемых", регистрационный номер 1357, опубликованное в газете "Рудный Алтай" от 19 августа 2003 года N 125, в газете "Дидар" от 19 августа 2003 года N 80 Күшін жойған
Басқа 0
"Кеңінен тараған пайдалы қазбаларына жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін тікелей келіссөздер жүргізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2003 жылғы 30 шілдедегі N 150, тіркеу нөмірі 1357, "Рудный Алтай" газетінің 2003 жылғы 19-тамыздағы 125 нөмірінде, "Дидар" газетінің 2003 жылғы 19-тамыздағы 80 нөмірінде жарияланған қаулысына толықтырулар енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ Заңының 27 бабына сәйкес, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 Заң күші бар Жарлығының 41-1 бабының 1-тармағын, "Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдалану құқығын берудің Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Їкіметінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 108 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын беру Ережесінің 1-тармағын басшылыққа алып Шығыс Қазақстан облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Кеңінен тараған пайдалы қазбаларына жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін тікелей келіссөздер жүргізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2003 жылғы 30 шілдедегі N 150, тіркеу нөмірі 1357 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) атауында "тікелей келіссөздер" сөздерінен кейін "және конкурстар" сөзімен толықтырылсын;
Тармақша 2
2) 1-тармақта:
"жұмыс тобы" сөздерінен кейін "(конкурстық комиссия)" сөздерімен толықтырылсын;
"келіссөздерді жүргізу" сөздерінен кейін "және конкурстар" сөзімен толықтырылсын;
"Шығыс Қазақстан облысының индустрия, сауда және кәсіпкерлікті қолдау баcқармасының бастығы, басшысы" сөздерінен кейін: "(төрағасы)" сөзімен толықтырылсын;
Тармақша 3
3) 2-тармақта "жұмыс тобы" сөздерінен кейін "конкурстық комиссия" сөздерімен, "құқығын беру үшін" сөздерінен кейін "тікелей" сөзімен, "келіссөздер жүргізу" сөздерінен кейін "және конкурстар өткізу" сөздерімен толықтырылсын.<*>
Тармақ 2
2. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.