О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 мая 2003 года N 501 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.06.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2003 жылғы 30 мамырдағы N 501 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстанның Инвестициялық қоры" акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 30 мамырдағы N 501 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсін: 3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "2) республикалық бюджет қаражаты есебiнен 23 000 000 000 (жиырма үш миллиард) теңге сомасында Қордың жарғылық капиталының акцияларына ақы төлеудi және мынадай мекен-жай бойынша: Алматы қаласы, Зеньков көшесi, 80 орналасқан ғимаратты беруді;".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.