О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 30 мая 2003 года № 111 "О создании Совета по информационной политике" (зарегистрировано в управлении юстиции 30 июня 2003 года № 1484) Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облысы әкімиятының "Ақпараттық саясат жөніндегі Кеңес құру туралы" 2003 жылғы 30 мамырдағы № 111 қаулысына өзгерістер енгізу туралы(әділет басқармасында 2003 жылдың 30 маусымында № 1484 тіркелген) Қазақстан Республикасының " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", " Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес және кадрлық өзгерістерге байланысты облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Маңғыстау облысы әкімиятының "Ақпараттық саясат жөніндегі Кеңес құру туралы" 2003 жылғы 30 мамырдағы № 111 қаулысына (әділет басқармасында 2003 жылдың 30 маусымында № 1484 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін және белгіленген тәртіпте облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге ұсынылсын: 1) Ақпараттық саясат жөніндегі Кеңестің құрамына: "Макежанов Сұлтанбек Алмасбекұлы - облыс әкімінің орынбасары,                                    Кеңестің төрағасы, Абдынасыров Садуақас             - "Қарақия" газетінің редакторы, Бережная Надежда Васильевна      - "Тумба" газетінің редакторы                                     (келісім бойынша), Іңірбай Есберген                 - "Ақкетік арайы" газетінің                                    редакторы енгізілсін". 2) Аталған ақпараттық саясат жөніндегі Кеңестің құрамынан Е.Күмісқали, В.В.Стариков шығарылсын. 3) Аталған қаулыда бекітілген Маңғыстау облысы әкімінің жанындағы ақпараттық саясат жөніндегі Кеңесі Ережесінің: 8-тармағындағы "үш айда" сөздері "жартыжылдық" сөзімен ауыстырылсын.