О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Карагандинской области от 30 июля 2003 года № 12/03 «Об образовании Дисциплинарного Совета области и утверждении Положения о Совете и его рабочем органе Секретариате» (регистрационный № 1287) Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.07.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарағанды облысы әкімиятының «Облыстық тәртіптік Кеңесін құру, Кеңес және оның жұмысшы органы Хатшылық туралы ережені бекіту туралы» (тіркеу № 1287) 2003 жылғы 30 шілдедегі №12/03 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 мамырдағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 желтоқсандағы №1311 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №556 қаулысына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарағанды облысы әкімиятының «Облыстық тәртіптік Кеңесін құру, кеңес және оның жұмысшы органы Хатшылық туралы ережені бекіту туралы» (2003 жылғы 2 қыркүйектегі тіркеу №1287 «Орталық Қазақстанның» 2003 жылдың 9 қыркүйегіндегі №144 (19,349) 2003 жылғы 30 шілдедегі №12/03 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) көрсетілген қаулының атауы келесі редакцияда берілген: «Қарағанды облысының Тәртіптік Кеңесін құру туралы»
Тармақша 2
2) аталмыш қаулының №1 қосымшасына: Қарағанды облысы Тәртіптік Кеңесінің құрамына енгізілсін: Чернов Дмитрий Дмитриевич – облыстық мәслихат депутаты (келісім бойынша), Ахметжанов Сәбит Сұлтанұлы – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Қарағанды облысы бойынша басқармасы бастығы (келісім бойынша); Қарағанды облысы Тәртіптік Кеңесінің құрамынан шығарылсын: Борчашвили Исидор Шамилович – облыстық Мәслихат депутаты, Өмірәлиев Зал Өмірәліұлы – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Қарағанды облысы бойынша басқармасының бастығы.
Тармақ 2
2. Қарағанды облысының Тәртіптік Кеңесі туралы Ереже қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Тәртіптік Кеңесінің төрағасы О.Н.Асылбаевқа жүктелсін.
Басқа 6. Қарағанды облысының Тәртіптік Кеңесі туралы Ереже
«Қарағанды облысы әкімиятының «Облыстың тәртіптік Кеңесін құру, Кеңес және оның жұмыс органы Хатшылық туралы ережені бекіту туралы» 2003 жылғы 30 шілдедегі №12/03 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» облыс әкіміятының 2004 жылғы «27» шілдедегі № «15/06» қаулысымен БЕКІТІЛГЕН Қарағанды облысының Тәртіптік Кеңесі туралы Ереже Осы Ереже Қарағанды облысы Тәртіптік Кеңесінің мәртебесін, өкілеттіктерін және оларды ұйымдастыруды әрі қызметінің тәртібін айқындайды.
Тармақ 1
1. Қарағанды облысы Тәртіптік кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) оның қызметін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жәніндегі агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) үйлестіретін, бақылайтын және тексеретін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кесімдеріне, өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге, осы Үлгі ережеге сәйкес жүзеге асырады және заңдылық, ақиқаттылық әрі әділдік қағидаттарын басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Кеңестің негізгі міндеттері мыналар:
Тармақша 1
1) облыс, өзге де әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, құқық қорғау органдары және басқа да аумақтық мемлекеттік органдар (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) және мемлекеттік ұйымдар басшыларының қарауына осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген адамдарды тәртіптік жауапкершілікке әкеп соқтыратын Қызметтік этика ережесін бұзғаны немесе сыбайлас жемқорлық жасап құқық бұзғаны ұшін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсынымдар еңгізу;
Тармақша 2
2) әкімдер мен мемлекеттік органдардың басшыларына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде мемлекеттік тәртіпті нығайту, осы Ереженің 9-тармағына аталған адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен Қызметтік этика ережесі талаптарын сақтауы жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этиканы сақтауы мәселелері жөніндегі комиссияның және Агенттіктің тапсырмаларын, азаматтардың арыздарын, бұқараралық ақпарат құралдарының хабарламаларын, сондай-ақ өзге де көздерден алынған сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен Қызметтік этика ережесінің бұзылу фактілері туралы ақпаратты қарау;
Тармақша 4
4) Агенттіктің қарауына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастырудың және осы Ереженің 9-тармағында аталған адамдардың Қызметтік этика ережесін сақтауының тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар еңгізу.
Тармақ 4
4. Кеңесті әкімият құрады әрі ол төраға мен мәслихаттар депутаттары, жергілікті жұртшылық өкілдері және аумақтық мемлекеттік органдар басшылары болып табылатын Кеңестің мүшелерінен тұрады. Кеңес мүшелерінің саны тақ болуға және 7 адамнан кем болмауға тиіс. Кеңестің төрағасын әкім Агенттік төрағасымен келісім бойынша қызметке тағайындайда және қызметтен босатады әрі ол облыс әкімінің орынбасары лауазымына теңестіріледі. Кеңес төрағасы мен Кеңес хатшылығының қызметкерлері мемлекеттік қызметшілер болып табылады. Әкім аппараты жалпы санының есебінен құрылатын оның хатшылығы Кеңестің жұмыс органы болып табылады. Хатшылықтың санын әкім Агенттік төрағасының ұсынысы бойынша белгілейді. Облыс әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі лауазымына теңестірілетін Кеңестің хатшысы Кеңес хатшылығының меңгерушісі болып табылады. Хатшылықтың қызметкерлері мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады. Кеңестің мүшелері өз міндеттерін қоғамдық негізде жүзеге асырады және мәжілістерге ауыстыру құқығынсыз қатысады.
Тармақ 5
5. Кеңестің төрағасы:
Тармақша 1
1) Кеңестің жеке құрамы бойынша ұсыныстарын әкімнің қарауына енгізеді;
Тармақша 2
2) Кеңес қызметін ұйымдастырады және оған басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) Кеңес мәжілістерінің күн тәртібін белгілейді;
Тармақша 4
4) Кеңес мәжілістерін шақырады және оларға төрағалық етеді;
Тармақша 5
5) Кеңес мүшелері ішінен Кеңес мәжілісінде қаралатын нақты мәселе бойынша баяндамашыны белгілейді;
Тармақша 6
6) тоқсан сайын Агенттік алдында Кеңес жұмысының қорытындысы туралы, соның ішінде мемлекеттік қызметшілер жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша қабылданған шаралар туралы есеп береді;
Тармақша 7
7) тоқсан сайын әкімді Кеңес жұмысының қорытындылары туралы хабардар етеді;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен оған берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Кеңестің мәжілістері:
Тармақша 1
1) егер оларға Кеңес мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, құқылы болып саналады;
Тармақша 2
2) қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде екі айда бір рет өткізіледі.
Тармақша 3
3) ашық өткізіледі, қажет болған жағдайда, егер қаралатын мәселелер мемелекеттік құпияларды қозғаса, Кеңес төрағасының шешімі және Агенттікпен келісім бойынша жабық өткізілуі мүмкін.
Тармақ 7
7. Кеңес оның мүшелерінің мәжіліске қатысқан санының қарапайым көпшілік дауысымен шешімдер қабылдайды. Дауыстар тең болған жағда йда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Кеңес төрағасы болмаған жағдайда оның тапсырмасы бойынша мәжіліске Кеңес мүшелерінің біреуі төрағалық етеді.
Тармақ 8
8. Кеңес өз құзыреті шегінде мыналарға құқылы:
Тармақша 1
1) өз мәжілістерінде мемлекеттік органдардың, олардың бөлімшелері мен мәслихаттар аппараттарының басшылары мен лауазымды адамдарын тыңдауға;
Тармақша 2
2) қолданытағы заңнамаға сәйкес жергілікті атқарушы, құқық қорғау және аумақтық мемлекеттік органдардан, мәслихаттар аппараттарынан, сондай-ақ өзге де ұйымдардан олардың алдына қойылған міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттарды, материалдарды және ақпаратты сұратуға;
Тармақша 3
3) осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген адамдардан ауызша және жазбаша түсіндірме талап етуге;
Тармақша 4
4) осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген адамдардың сыбайлас жемқорлыққы қарсы күрес заңнама нормаларын және Қызметтік этика ережесін бұзуы фактілері бойынша тексерулер және қызметтік тергеулер жүргізу туралы мемлекеттік органдар басшыларына ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 5
5) қорытынды беру үшін сарапшылар мен мамандарды, мемлекеттік органдар қызметкерлерін тартуға;
Тармақша 6
6) Агенттіктің аумақтық органдарымен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы теріс қылықтарды қарау мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыруға.
Тармақ 8-1
8-1. Кеңестің жұмыс органы өз құзыреті шегінде кеңес төрағасының өкімімен тексерулер жүргізеді, осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген адамдарға қатысты тәртіптік істерді қарау үшін материалдар дайындайды және Кеңес алдында тұрған міндеттерді қамтамасыз ету үшін өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Кеңес сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және Қызметтік этика ережесін бұзуға жол берген аудандардың (облыстық маңызы бар қалалар), аудандық маңызы бар қалалардың, кеттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдеріне; орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің және жергілікті сот кеңселерінің (басшылар мен олардың орынбасарларынан басқа), жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілікке әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған мемлекеттік органдардағы, жергілікті басқару органдары мен мемлекеттік ұйымдардағы немесе жарғылық капиталындағы мемлекеттік меншіктің жалпы үлесі кемінде отыз бес пайыз құрайтын ұйымдардағы мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті өзге де адамдарға және оларға теңестірілген адамдарға қатысты тәртіптік істерді қарайды. Кеңес прокуратура, ұлттық қауіпсіздік органдары, Президенттік Күзет қызметі мен Республикалық ұлан қызметкерлеріне қатысты тәртіптік істерді қарамайды.
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кұрес және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этиканы сақтауы мәселелері жөніндегі комиссияның және Агенттіктің тапсырмаларын, азаматтар мен заңды тұлғалардың арықдарын, сондай-ақ бұқараралық ақпарат құралдарының хабарламаларын қараудың қорытындылары бойынша Кеңес уәкілетті органға немесе лауазымды тұлғаға тексеру жүргізуді ұсынуы мүмкін.
Тармақ 11
11. Кеңес төрағасы қозғаған тәртіптік істі ол іс қозғауға қабылданған күнінен бастап екі аптаға дейінгі мерзімде Кеңес қарауы тиіс. Кеңестің отырысында тәртіптік істі қарағанға дейін оныңн хатшылығымен алдын-ала бір айға дейінгі мерзімде іске қатысты мән-жайлар мен мәліметтер зерделенетін тексеру жүргізіледі, тәртіптік жауапкершілікке тартылатын адамдардан жазбашат түсініктемелер талап етіледі, ал кеңестің отырысында тәртіптік істі қарау, әдетте, олардың қатысуымен өтеді.
Тармақ 12
12. Тәртіптік істі қараудың қорытындылары бойынша Кеңес мынадай шешімдердің біреуін шығаруы мүмкін:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдам мен мемлекеттік ұйымдардың басшыларына осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген адамдарға тиісті тәртіптік жаза қолдануды ұсынады;
Тармақша 2
2) шын мәнінде шешім қабылдау үшін тәртіптік іс материалдарын құзыретті мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның қарауына жібереді;
Тармақша 3
3) тәртіптік істі тоқтатады.
Тармақ 13
13. Осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген адамның іс-әрекетінде қылмыс белгілері болған жағдайда Кеңес тиісті құжаттар мен материалдарды белгіленген тәртіппен осы адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәселені шешу үшін құқық қорғау органдарына жібереді. Кеңес материалдар мен құжаттардың құқық қорғау органдарына жіберілгені туралы Агенттікті хабардар етеді.
Тармақ 14
14. Кеңес қабылдаған шешіммен келіспеген мемелкеттік қызметшілер мен осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген өзге де адамдар оған Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шағым беруге құқылы.
Тармақ 15
15. Кеңес пен оның хатшылығы қызметін материалдық-техникалық ұйымдастырушылық және ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді облыс әкімдерінің аппараттары жүзеге асырады.