О внесении изменений в постановление акимата области от 30 декабря 2003 года № А-1/371 «Об утверждении Правил оплаты стоимости проезда больных, направляемых по медицинским показаниям на лечение, и лиц, сопровождающих их, в пределах Республики Казахстан, на 2004 год» зарегистрированное в Департаменте юстиции 19 января 2004 года за № 2221 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.06.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімдігінің 2003 жылдың 30 желтоқсанындағы № А-1/371 «Қазақстан Республикасының аумағында 2004 жылы медициналық көрсетулеріне байланысты емделуге жіберілген аурулардың және олардың жолсеріктерінің жолақысын төлеу Ережесін бекіту туралы» Әділет департаментінде 2004 жылдың 19 қаңтарында № 2221 тіркелген қаулысына өзгертулер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті Мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігінің 2001 жылдың 4 шілдесіндегі № 633 «Республикалық емханаларда көрсетілетін жоғары білікті және мамандандырылған медициналық көмектің тізімін бекіту туралы» бұйрығының күшін жоюға байланысты Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Облыс әкімдігінің 2003 жылдың 30 желтоқсанындағы № А-1/371 «Қазақстан Республикасының аумағында 2004 жылы медициналық көрсетулеріне байланысты емделуге жіберілген аурулардың және олардың жолсеріктерінің жолақысын төлеу Ережесін бекіту туралы» Әділет департаментінде 2004 жылдың 19 қаңтарында № 2221 тіркелген қаулысына келесі өзгертулер енгізілсін:
Тармақша 1
1) қаулының кіріспе бөліміндегі «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігінің 2001 жылдың 4 шілдесіндегі «Республикалық емханаларда көрсетілетін жоғары білікті және мамандандырылған медициналық көмектің тізімін бекіту туралы» № 633 бұйрығына» сөздері «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрінің 2003 жылдың 22 желтоқсанындағы «Жоғары білікті медициналық көмекті кәрсету ережесін бекіту туралы» № 941» сөздерімен ауыстырылсын.
Тармақша 2
2) әкімдіктің қаулысының 3 тармағындағы, Қазақстан Республикасының аумағында 2004 жылы медициналық көрсетулеріне байланысты емделуге жіберілген аурулардың және олардың жолсеріктерінің жолақысын төлеу ережесінің кіріспе бөліміндегі және 1-тармағындағы «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігінің 2001 жылдың 4 шілдесіндегі «Республикалық емханаларда көрсетілетін жоғары білікті және мамандандырылған медициналық көмектің тізімін бекіту туралы» № 633 бұйрығына» сөздері «Қазақстан Республикасының денсаулық сактау министрінің 2003 жылдың 22 желтоқсанындағы «Жоғары білікті медициналық көмекті көрсету ережесін бекіту туралы» № 941» сөздерімен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Ақмола облысы әкімдігінің 2004 жылдың 7 сәуіріндегі № А-4/96 «Облыс әкімдігінің 2003 жылдың 30 желтоқсанындағы № А-1/371 «Қазақстан Республикасының аумағында 2004 жылы медициналық көрсетулеріне байланысты емделуге жіберілген аурулардың және олардың жолсеріктерінің жолақысын төлеу Ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгертулер енгізу туралы» Әділет департаментінде 2004 жылдың 19 қаңтарында № 2221 тіркелген қаулысы күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Әділет департаментінде тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.