О внесении изменений и дополнений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 30 января 2003 года № 373, регистр. № 1097 Күшін жойған
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2003 жылғы 30-қантардағы № 373 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, тіркеу № 1097
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы N 148-11 Заңының 27-бабының 1-тармағының 21) тармақшасына сай және «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 13-желтоқсандағы N 1311 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 19-мамырдағы N 556 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. "Шығыс Қазақстан облысының тәртiптiк кеңесін құру туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2003 жылғы 30-қаңтардағы N 373 қаулысына (тіркеу N 1097, облыстық газеттердің бетінде жарияланған: 2003 жылғы 18-ақпандағы N 16 "Дидар", 2003 жылғы 18-ақпандағы N 26 "Рудный Алтай") мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының тәртіптік кеңесі жөніндегі Ережесіне:
мәтінде "Комиссия", "Комиссияның", "Комиссиямен", "Комиссияны" деген сөздер тиісінше "Агенттік", "Агенттіктің", "Агенттікпен", "Агенттікті" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этиканы сақтауы мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия)" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - Агенттік)" деген сөздермен ауыстырылсын, "үйлестiретiн" деген сөзден кейін ", бақылайтын және тексеретін" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
1) тармақшада:
"мен ұйымдар" деген сөздер алынып тасталсын;
"(бұдан әрі - мемлекеттік органдар)" деген сөздерден кейін "және мемлекеттік ұйымдар" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшада "Комиссияның" деген сөздің алдынан "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этиканы сақтауы мәселелері жөніндегі комиссияның және" деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша алынып тасталсын;
4-тармақта:
бірінші абзацта:
"7" деген сан алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Кеңес мүшелерінің саны тақ болуға және 7 адамнан кем болмауға тиіс.";
екінші абзацтағы "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысымен" деген сөздер "Агенттік төрағасымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы "төрағасының" деген сөз өзгеріссіз қалдырылсын;
8-тармақта:
6) тармақшадағы "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің" деген сөздер "Агенттіктің" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
"8-1. Кеңестің жұмыс органы өз құзыреті шегінде Кеңес төрағасының өкімімен тексерулер жүргізеді, осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген адамдарға қатысты тәртіптік істерді қарау үшін материалдар дайындайды және Кеңес алдында тұрған міндеттерді қамтамасыз ету үшін өзге де функцияларды жүзеге асырады.";
9-тармақтағы "С-1, С-2, С-3 санаттарының, орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар, олардың ведомстволарының қызметшілерінен басқа), D және Е санаттары топтарының" деген сөздер "орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің және жергілікті сот кеңселерінің (басшылар мен олардың орынбасарларынан басқа), жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақ "Комиссияның" деген сөздің алдынан "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этиканы сақтауы мәселелері жөніндегі комиссияның және" деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақта:
бірінші абзацтағы "үш апта" деген сөздер "екі аптаға дейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Кеңес отырысында тәртіптік істі қарағанға дейін оның хатшылығымен алдын-ала бір айға дейінгі мерзімде іске қатысты мән-жайлар мен мәліметтер зерделенетін тексеру жүргізіледі, тәртіптік жауапкершiлiкке тартылатын адамдардан жазбаша түсінiктемелер талап етiледi, ал Кеңестiң отырысында тәртіптік істі қарау, әдетте, олардың қатысуымен өтедi.";
12-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ұйымдардың басшыларына осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген адамдарға тиісті тәртіптік жаза қолдануды ұсынады;";
14-тармақтағы "сотқа" деген сөз алынып тасталсын;
Тармақ 2
2. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.