О внесении изменения в постановление акимата города Лисаковска от 30 января 2003 года № 38 «О социальной защите и профессиональной подготовке безработных и молодежи в 2003 году», регистрационный номер 2024 Қолданыста
Басқа 0
«2003 жылы жұмыссыздарды және жастарды әлеуметтік қорғау мен кәсіби даярлау туралы» Лисаков қаласы әкімиятының 2003 жылғы 30 қаңтардағы № 38 қаулысына өзгерістер енгізу туралы, тіркеу нөмірі 2024
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 14-тармағына, Лисаков қалалық мәслихаты сессиясының 2002 жылғы 5 шілдедегі № 22 шешімімен бекітілген Лисаков қаласының 2010 жылғы кезеңге дейінгі дамудың стратегиялық жоспарына сәйкес және материалдық көмек алуға құқығы бар студенттердің тізбесін көбейту қажеттілігімен, Лисаков қаласының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2003 жылы жұмыссыздарды және жастарды әлеуметтік қорғау мен кәсіби даярлау туралы»Лисаков қаласы әкімиятының 2003 жылғы 30 қаңтардағы № 38 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2003 жылдың 12 ақпанында № 2024 болып тіркелген, «Лисаковская ночь» газетінің 2003 жылғы 20 ақпандағы № 8 санында жарияланған) мынандай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Рудный индустриалдық институты дистанциялық оқыту факультетінің студенттеріне материалдық көмек көрсету ережелері жаңа редакцияда жазылсын (қоса беріледі).
Басқа 1
Қостанай облысы
Лисаков қаласы әкімиятының
2003 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 469 қаулысына
қосымша
2003 жылдың түлектері қатарындағы студенттердің
жеке санаттарына материалдық көмек көрсету
ережелері
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Қалада тікелей жоғары білім алу үшін жағдайлар жасау мақсатында, мектепті үздік бітірген Рудный индустриялық институтының факультет студенттеріне және халықтың нысаналы топтарына кіретін отбасылар қатарындағы, мектепті «жақсы» деген бағаға бітірген студенттерге материалдық көмек көрсетіледі. Мамандықтарды алуға байланысты шығындарды ішінара өтеу үшін көмек көрсетіледі.
Ескерту түрінде және Рудный индустриялық институтының дистанциондық оқыту факультетінің үшінші курсында оқуға мүмкіндігі жоқтығынан, материалдық көмек Рудный индустриялық институтының үшінші курсына түскен Лисаков техникалық колледжінің түлектеріне, үздіктер қатарындағы студенттерге көрсетіледі.
Бұдан басқа, халықтың нысаналы топтарына кіретін отбасылар қатарындағы, мектепті «үздік» немесе «жақсы» деген бағаға аяқтағандарға және қаладағы талап етілетін мамандықтар бойынша іштей және сырттай оқу нысандарына түскен студенттерге материалдық көмек көрсетіледі.
Тарау 2. 2. Материалдық көмек тағайындау тәртібі
2. Материалдық көмек тағайындау тәртібі
Студенттерге материалдық көмек студенттердің немесе олардың ата-аналарының өтініштері және жоғарыда аталған оқу орнына түсу туралы анықтама негізінде қала әкімімен тағайындалады.
Тарау 3. 3. Материалдық көмек мөлшері
3. Материалдық көмек мөлшері
Материалдық көмек осы Ережелердің 1 тарауында көрсетілген студенттердің санаттарына 20 мың теңгеге дейінгі сомасында бөлінеді.
Тарау 4. 4. Материалдық көмек төлеу тәртібі
4. Материалдық көмек төлеу тәртібі
Материалдық көмек «Лисаков қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесімен екінші деңгейдегі банктерде студенттердің немесе олардың ата-аналарының жеке есеп шоттарына аудару арқылы төленеді.