О внесений изменений и дополнений в постановление акимата Жаркаинского района от 30 января 2006 года № 10 Күшін жойған
Басқа 0
Жарқайың ауданы әкімдігінің 2006 жылдың 30 қаңтарындағы № 10 қаулысына толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңымен сәйкес, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жарқайың ауданы әкімдігінің 2006 жылдың 30 қаңтарындағы № 10 «Жарқайың ауданында әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру туралы» қаулысына (Жарқайың ауданының әділет басқармасында 2006 жылдың 14 ақпанында № 1-12-26 болып тіркелген) төмендегі толықтырулар енгізілсін:
Жоғарыда көрсетілген қаулының 2 қосымшасы тараулармен толықтырсын:
«10. «Центр Азия МТ»Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - 11
11. «Темірлан» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - 10
12. «Ақтөбе – О» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – 5
13. «Кен-М» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – 5
14. «Костычев» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – 5»
Тармақ 2
2. Осы қаулы Жарқайың аудандық Әділет басқармасында Мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді және міндетті түрде жариялануға жатады.
Тармақ 3
3. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ұ.А.Ахметоваға жүктелсін.