О внесении изменений в решение маслихата от 30 января 2006 года № 248 «Об установлении стоимости разовых талонов за право реализации товаров на рынках и на отдельные виды предпринимательской деятельности, носящей эпизодический характер, на территории города Рудного и поселка Качар на 2006 год» Қолданыста
Басқа 0
Мәслихаттың 2006 жылғы 30 қаңтардағы № 248 «Рудный қаласы және Қашар поселкесінің аумағында базаларда тауарларды өткізу құқығына және эпизодтық сипаттағы кәсіпкерлік қызметтің жеке түрлеріне 2006 жылғы арналған біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 210-11 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық Кодексі) 369, 372, 373-баптарына сәйкес мэслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2006 жылғы 30 қаңтардағы № 248 «Рудный қаласы және Қашар поселкесінің аумағында базаларда туарларды өткізу құқығына және эпизодтық сипаттағы кәсіпкерлік қызметтің жеке түрлеріне 2006 жылғы арналған біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-38, 2006 жылғы 17 наурызда «Рудненский рабочий» газетінде № 23 болып жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген 1 және 2-қосымшаларда:
6-тармақта «оның ішінде сыпырғы, сыпырғыштарды» сөздері алынып тасталсын;
жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген 3 және 4-қосымшаларда:
«Өткізу» бөлімінің 3-тармағында «саңырауқұлақтарды, орман жемістерін» сөздері алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім Рудный қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.