О внесении дополнения в решение маслихата от 30 января 2006 года № 250 «Об утверждении ставки платы за размещение наружной (визуальной) рекламы на 2006 год» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.05.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2006 жылғы 30 қаңтардағы № 250 "Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін 2006 жылға арналған төлем ставкасын бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 210-11 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық Кодексі) 491-бабына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2006 жылғы 30 қаңтардағы № 250 "Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін 2006 жылға арналған төлем ставкасын бекіту туралы" (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-36, 2006 жылғы 17 наурызда "Рудненский рабочий" газетінде 23 нөмірмен жарияланған) шешіміне мынадай толықтыру енгізілсін: бірінші тармақ "7 айлық есеп айырысу көрсеткіші көлеміндеи сөзінің алдында "бір шаршы метр объектіге" сөздерімен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізіледі.