О внесении изменений и дополнений в решение районного маслихата от 30 ноября 2006 года № ВС-33-3 «О Правилах оказания жилищной помощи семьям (гражданам) на оплату содержания жилища (кроме содержания индивидуального дома) и потребления коммунальных услуг» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.10.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 30 қарашадағы № ВС-33-3 «Отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстаудың (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметті тұтынудың төлеміне тұрғын үй көмегін көрсетудің Ережесі туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағына сәйкес тұрғын үй көмегін көрсету мә селесін жетілдіру мақсатында аудандық маслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 30 қарашадағы №ВС-33-3 «Отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстаудың (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметті тұтынудың төлеміне тұрғын үй көмегін көрсетудің Ережесі туралы» шешіміне төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 4 тармақта 7саны 3 санымен ауыстырылсын; 5 тармақ төмендегідей редакцияда баяндалсын: «Тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеу бойынша уәкілетті орган «Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекеме болып анықталады, бюджеттік қаражатты бойынша уәкілетті орган «Жақсы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекеме анықталады, жәрдемақыны беру бойынша уәкілетті ұйым Жақсы ауданының «Қазпошта» АҚ филиалы анықталды»; 6 тармақта 10 саны 15 санымен ауыстырылсын, «бір жыл ішінде» сөзі «алты ай ішінде» сөзімен ауыстырылсын; 8тармақтың 2 тармақшасын алынып тасталсын; 8 тармақ келесі мазмұндағы қызыл жолмен толықтырылсын: «Тұрғын үйді тағайындау мен төлеудің уәкілетті органы шешім қабылдағаннан кейін өтініш берушіге үш күн ішінде қабылданған шешім туралы жазбаша хабарлайды»; 9 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын: «Ақпараттың сенімділігіне күмән келген жағдайда тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеудің уәкілетті органы тексеру жүргізуге уәкілетті органға өтініш білдіруге құқылы»; 11 тармақта үшінші қызыл жол алынып тасталсын; 13 тармақ алынып тасталсын; Отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстаудың (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметті тұтынудың төлеміне тұрғын үй көмегін көрсетудің Ережесіне 2 және 3 қосымшалары жаңа редакцияда баяндалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім Жақсы ауданының Әділет бясқармасында мемлекеттік тіркеуден және бұқаралық ақпарат кұралдарында ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛГЕН: Аудан әкімі И.Қабдығалиев Жұмыспен қамту жане әлеуметті бағдарламалар бөлімінің бастығы Л.Сейдахметова
Басқа 3
Жақсы аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 9 қазанның № ВС-3-3 шешімімен БЕКІТІЛДІ Отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстаудың (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметті тұтынудың төлеміне тұрғын үй көмегін көрсетудің ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегі - азаматтарға тұрғын үйді ұстаудағы (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметті тұтынуды төлеудегі шығынның орынын толтыру. Тұрғын үй көмегі әлеуметтік қорғаудың бір формасы болып табылады және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңында қарастырылған.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегі Жақсы ауданының аумағында тұратын, тұрғын үйі меншігінде немесе тұрғын үйді пайдаланушы (жалдаушы, жалға алушы) тұлғаның тұрғын үйді ұстаудағы төлемнің және коммуналдық қызметті тұтынудың шығыны отбасы бюджетінен бұл мақсатқа жұмсалатын шығыны мүмкін болатын шығынның үлес шегінен асып кетсе беріледі. Тұрғын үйді ұстау (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметті тұтынуды төлеудің мүмкін болатын шектеулі үлесі отбасының жиынтық кірісінің 15 пайызы көлемінде белгіленеді. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті тұтыну белгіленген үй көлемінің нормасынан артығын жалпыға бірдей жағдайда төленеді.
Тармақ 3
3. Өтемақы шарамен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемі бір адамға шаққанда 18 кв. метр. Жалғыз басты тұрып жатқан азаматтар үшін өтемақылық шарамен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемі 30 кв. метр, алайда бір бөлмелі пәтердің көлемінен кем емес. Электроқуатынан басқа нормативтік құжаттарға (Құрылыс нормасы және ережесі) келісімді көрсетілген ауқымнан артық емес, коммуналдық қызметті тұтынудың нормативі (сумен жабдықтау, газ, су құбыры, жылумен жабдықтау) нақты тұтынған шамамен белгіленеді.
Тармақ 4
4. Бір бірлікті үйі бар (пәтер, үй) тұлғалар немесе тұрғын жайды жалға алған (жалдауға) тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады. Отбасында еңбекке жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқу орынының күндізгі бөлімінде оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту және әлеуметтік багдарламалар бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген тұлғалар, күтімді қажет ететін мүгедектерге, сонымен қатар 3 жасқа дейінгі балаларға күтім көрсететіндерден басқалар тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ.
Тармақ 5
5. Тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеу бойынша уәкілетті орган «Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекеме болып анықталады, бюджеттік қаражаты бойынша уәкілетті орган «Жақсы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекеме анықталады, жәрдемақыны беру бойынша уәкілетті ұйым Жақсы ауданының «Қазпошта» АҚ филиалы анықталады.
Тармақ 6
6. Тұрғын үй көмегін алушылар 15 күн ішінде тұрғын үйдің кез келген жеке меншік формасының өзгергені туралы, отбасының құрамының және оның жиынтық табысының өзгергені туралы, сонымен қатар көмекті дұрыс есептелмеген жағдайда тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеу бойынша уәкілетті органға хабарлауы керек. Көмектің заңсыз және көтерме тағайындалуына әкеп соғатын алдын-ала дәл емес мәлімет берген жағдайда, меншік иесі (жалдаушы, жалға алушы) көмек тағайындаған сәттен алты ай ішінде тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады, ал заңсыз алынған тұрғын үй көмегі заңнамада көрсеткен ретпен қайтарылуға тиіс.
Тарау 2. 2. Тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеу
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеу
Тармақ 7
7. Тұрғын үй көмегі тоқсан сайын тағайындалады, есептеу ағымдағы тоқсанға жүргізіледі, отбасы кірісі және коммуналдық қызмет шығыны (жылу шығынынан басқасы) өткен тоқсанға есептеледі, ал жылу шығынына төлеудің нақты әрі қарай қайта есептеуін есепке ала отырып жоспарлы есеп алынады. Тұрғын үй көмегінің көлемі тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті тұтынуға нақты есептелген төлеу сомасынан артық болуы мүмкін емес. Тұрғын үй көмегін алғаш өтініш берген тұлғаға - өтініш берген айдан бастап, көмек алуға бұрын есепте тұрса - егер ағымдағы тоқсанда өтініш берсе, ағымдағы тоқсанда да тағайындалады. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметке, отбасы кірісінің өзгеруі, тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган бұрын есептелген тұрғын үйлік көмекке қайта есептеу жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Тұрғын үй көмегін тұрғын үй иесінің (жалдаушы, жалға алушы) өтінішіне негізделе және оған төмендегідей құжаттар тіркелген жағдайда тағайындалады:
Тармақ 1
1. Жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақ 2
2. Алынып тасталды;
Тармақ 3
3. Өтініш берушінің отбасы құрамын растайтын және отбасының тұрғылықты жерден құжаты, жер учаскесі туралы және жеке қосалқы шаруашылығы туралы мәліметтер;
Тармақ 4
4. Пәтерге құқық беретін құжаттар (техникалық паспорт, жекешелендіру шарты, сатып алу, ауыстыру, жалдау және т.б.);
Тармақ 5
5. Отбасы мүшелерінің кірісін растайтын құжаттар;
Тармақ 6
6. Коммуналдық қызметті төлеу туралы түбіртек (шот);
Тармақ 7
7. 1 қосымшаға келісімді тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті төлеудің шығыны туралы мәлімет; Тұрғын үй көмегін көмекті тағайындау мен төлеу бойынша уәкілетті орган тағайындайды, орган өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған күннен бастап 10 күн ішінде қарайды және 2 қосымшаға келісімді тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешім шығарады немесе 3 қосымшаға келісімді көмекті тағайындаудан бас тартады. Тұрғын үйді тағайындау мен төлеудің уәкілетті органы шешім қабылдағаннан кейін өтініш берушіге үш күн ішінде қабылданған шешім туралы жазбаша хабарлайды
Тармақ 9
9. Ақпараттың сенімділігіне күмән келген жағдайда тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеудің уәкілетті органы тексеру жүргізуге уәкілетті органға өтініш білдіруге құқылы.
Тармақ 10
10. Тұрғын үй көмегінің көлемі жеке меншік иесінің (жалдаушы, жалға алушы) тұрғын үйді ұстап тұрғаны үшін және тұрғын үй көлемінің нормасы шеңберінде коммуналдық қызметті пайдалануымен, өтемақымен қамтамасыз ету шаралары мен аталган отбасының осы мақсатқа жұмсалатын нақты төлемдері мен шығыны көлеміндегі ара қатынасымен есептеледі.
Тармақ 11
11. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем түрінде белгіленеді. Тұрғын үй көмегін тоқсанға (құқығы бар жағдайда), өтініш берген айдан кейінгі айға толық жүргізіледі. Төлеуді осы мақсатқа аудан бюджетінен бөлінген қаржының есебінен азаматтардың шоттарына аудару арқылы тұрғын үй көмегін бөлу бойынша уәкілетті ұйым жүзеге асырады. Төлем жәрдемақы төлеу бойынша уәкілетті ұйым арқылы аудандық бюджеттен осы мақсатқа бөлінген қаражаттың есебінен азаматтардың жинақтау шотына аудару жолымен тұрғын үй көмегін беру бойынша уәкілетті ұйым жүзеге асырады.
Тарау 3. 3. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көзі
3. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көзі
Тармақ 12
12. Тұрғын үй көмегін төлеу аудандық бюджет қаржысының есебінен қаржыландырылады.
Тармақ 13
13. Алынып тасталды.
Тармақ 14
14. Тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеу бойынша уәкілетті орган негізгі жеке меншік тұрғын үй иелерінің (жалдаушы, жалға алушы) тізімін қалыптастырады және ай сайын шығынды өтеу үшін аудандық бюджетті бөлу бойынша уәкілетті органға хабарлама дайындайды.
Тармақ 15
15. Тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеу бойынша уәкілетті органның хабарламасы негізінде аудандық бюджет қаржысын бөлу бойынша уәкілетті орган, аудандық бюджетте қарастырылған ассигнования есебінен ай сайын қаржылаңдыруды жүргізеді.
Тарау 4. 4. Тұрғын үй көмегін уақытылы тағайындау мен төлеуге жауапкершілік
4. Тұрғын үй көмегін уақытылы тағайындау мен төлеуге жауапкершілік
Тармақ 16
16. Тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеу бойынша және аудандық бюджет қаржысын бөлудің, сонымен қатар тұрғын үй көмегін беру бойынша уәкілетті ұйым тұрғын үй көмегінің уақытында тағайындалуына, төленуіне, қаржыландырылуына және берілуіне заңнамада белгіленген ретте жауапкершілік алады.
Басқа 31
Отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстаудың (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметті тұтынудың төлеміне тұрғын үйлік көмек көрсетудің Ережесіне 2 қосымша Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ШЕШІМ №_____ 2006 ж.«______» ____________ Мына мекен-жайда тұратын________________________________________ Азамат ___________________________________________________________ Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабы 2 тармағына сәйкес және Жақсы ауданы мәслихатының ______жылғы ________№ ________ шешімімен 200____ жылдан «______» ___________ _____ тоқсанға __________________ теңге көлемінде 200__ жылғы _____ тоқсанға тұрғын үй көмегі тағайындалсын. М.О. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы: Тағайындау мен төлеу бойынша маман:
Басқа 32
Отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстаудың (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметті тұтынудың төлеміне тұрғын үйлік көмек көрсетудің Ережесіне 3 қосымша Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ШЕШІМ №______2006 ж.«_____»____________ Мына мекен-жайда тұратын_______________________________________________ Азамат___________________________________________________________________ Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабы 2 тармағына сәйкес және Жақсы ауданы мәслихатының _______жылғы _________№____________шешімімен 200___ жылдан «______ » ____________________________ _______________________________________________________________________________________ себепті 200___ жылдың _______ тоқсанына тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тартады М.О. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы: Тағайындау мен төлеу бойынша маман: