О внесении дополнений в постановление акимата от 30 января 2006 года № 58 «Об утверждении инструкции об организации и финансировании социальных рабочих мест» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы нұсқауды бекіту туралы» әкімдіктің 2006 жылғы 30 қаңтардағы № 58 қаулысына толықтырулар енгізу туралы «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13), 14)-тармақшаларына сәйкес, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабы негізінде Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
Тармақша 1
1. «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы нұскауды бекіту туралы» Қарасу ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 30 қантардағы № 58 қаулысына (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-13-02, «Қарасу өңірі» 2006 жылғы 17 наурыздағы № 8) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) Нұскаудың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3) тармақпен толыктырылсын: «3) жастар тәжірибесі - курстық даярлықтың, орта кәсіби және жоғары білім берудін түлектерімен және мамандык бойынша жұмыс өтілі жоктармен практикалық тәжірибені, білімді, шеберлікті және дағдыларды алу мақсатымен әлеуметтік жұмыс орындарға жұмысқа орналастыру.»;
Тармақша 2
2) 11-тармақта: бірінші абзацтағы «ең төменгі жалақының» деген сөздерден кейін «(жастар тәжірибесіне жұмысқа орналастырылған - ең төменгі жалақының 100 пайыз мөлшерінде)» деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.