О внесении изменения и дополнения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 30 апреля 2007 года N 121 "Об утверждении Правил выдачи разрешения на открытие банка, а также лицензирования банковских и иных операций, и деятельности на рынке ценных бумаг, осуществляемых банками"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 30 апреля 2007 года N 121 "Об утверждении Правил выдачи разрешения на открытие банка, а также лицензирования банковских и иных операций, и деятельности на рынке ценных бумаг, осуществляемых банками"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын қызметті, банктік және өзге операцияларды лицензиялау ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 121 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 99
- Қабылданған күні
- 30.06.2008
- Көрсетілген редакция
- 28.04.2020 41028_459256.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V080005273_
- ЭКБ идентификаторы
- 41028
- Редакция идентификаторы
- 41028_459256
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:12
0
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын қызметті, банктік және өзге операцияларды лицензиялау ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 121 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Агенттік Басқармасының "Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын қызметті, банктік және өзге операцияларды лицензиялау ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 121 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4718 тіркелген, 2007 жылғы 13 шілдеде "Заң газеті" газетінде N 106 (1135) санында жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын қызметті, банктік және өзге операцияларды лицензиялау ережесінде:
18-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Жаңадан құрылған банк Банктер туралы Заңның 26-бабының 2-тармағының талаптарын орындағанда, уәкілетті органға депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу бойынша операцияларды қоспағанда (осы ерекшелік жаңадан құрылған еншілес банкке таралмайды), банк операцияларын жүзеге асыруға осы Ереженің 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша лицензия беру туралы өтінішін береді, оған Лицензиялау туралы Заңның 42-бабының 2-тармағының 2), 5), 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ мынадай құжаттарды қоса береді:";
мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:
"18-1. Депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу бойынша операцияларды жүзеге асыруға лицензия алудың шарты болып жаңадан құрылған банк осы Ереженің 18-тармағына сәйкес банк операцияларын жүргізуге лицензия алған күннен бастап банктің бір күнтізбелік жыл ішінде қызмет етуі табылады.
Осы тармақтың талаптары жаңадан құрылған еншілес банктерге таралмайды.".