О внесении изменения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 30 марта 2007 года N 76 "О внесении дополнений и изменений в некоторые нормативные правовые акты по вопросам представления документов в Агентство Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций" Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының»"Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде құжаттарды ұсыну мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық кесімдерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы N 76 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Агенттік Басқармасының»"Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде құжаттарды ұсыну мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық кесімдерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы N 76 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4670 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
4, 5, 8-тармақтар алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы»"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Заң департаменті (М.Б. Байсынов):
Тармақша 1
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) осы қаулыны қабылдаған күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және»"Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
Тармақ 4
4. Агенттіктің Төраға Қызметі (Е.Н. Заборцева) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.