О внесении изменения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 30 марта 2007 года N 76 "О внесении дополнений и изменений в некоторые нормативные правовые акты по вопросам представления документов в Агентство Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций" Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде құжаттарды ұсыну мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы N 76 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдардың, ашық жинақтаушы зейнетақы қорлардың қызметін реттеп отыратын нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Агенттік Басқармасының»"Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде құжаттарды ұсыну мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы N 76 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4670 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде құжаттарды ұсыну мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы N 190 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4850 тіркелген) енгізілген өзгеріспен бірге мынадай өзгеріс енгізілсін: 6, 9, 10, 12, 13, 14 тармақтар алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және оның қолданысы 2008 жылғы 1 наурыздан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Тармақ 3
3. Стратегия және талдау департаменті (Г.А. Ділімбетова):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
Тармақ 4
4. Агенттіктің Төраға Қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымы Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.