О внесении дополнений и изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 30 ноября 2007 года № 134 "Об утверждении Инструкции по ведению бухгалтерского учета доверительных операций и кастодиальной деятельности банками второго уровня" Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.01.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің сенімгерлік операцияларды және кастодиандық қызметті бухгалтерлік есепке алуды жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2007 жылғы 30 қарашадағы N 134 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы Екінші деңгейдегі банктердің кастодиандық қызметтің бухгалтерлік есебін жүргізу тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің сенімгерлік операцияларды және кастодиандық қызметті бухгалтерлік есепке алуды жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2007 жылғы 30 қарашадағы № 134 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5089 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің сенімгерлік операцияларды және кастодиандық қызметті бухгалтерлік есепке алуды жүргізуі жөніндегі нұсқаулықта: 91-тармақтың екінші абзацында және 93-тармақтың үшінші абзацында "Заңды тұлғалардың ағымдағы есепшоттары" деген сөздерден кейін "(банктік инвестициялық шот)" деген сөздермен толықтырылсын; 94-тармақта "Депо" есепшоты" деген сөздер "Кастодиандық қызмет көрсетілетін клиенттердің активтері" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ақышевқа жүктелсін.