О внесении изменений в постановление от 30 апреля 2007 года № 234 «Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в мае-июне, октябре-декабре 2007 года» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.08.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылғы 30 сәуірдегі № 234 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2007 жылдың мамыр-маусымында, қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 1) тармағының 8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 37-бабы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі № 318 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығының 2-тармағы негізінде Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2007 жылдың мамыр-маусымында, қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» Арқалық қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 234 қаулысына (мемлекеттік тіркеу № 9-3-62, 2007 жылғы 25 мамырдағы № 21 «Арқалық хабары» газетінде ресми жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: қаулы атауындағы «мамыр-маусым» сөздері «сәуір-маусым» сөздерімен ауыстырылсын; қаулының кіріспесіндегі «мамыр-маусым» сөздері «сәуір-маусым» сөздерімен ауыстырылсын; қаулының 1-тармағы алып тасталсын; қаулының 2-тармағы мен 1-қосымшасындағы «қалалық» сөзі алып тасталсын; қаулының 6-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Қ.Ш. Шаяхметовке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.