О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Зерендинского района от 30 января 2007 года № 30 «Об утверждении перечня организаций, учреждений, виды и обьемы общественных работ на 2007 год» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.10.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Зеренді ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы № 30 «2007 жылға қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдердің, ұйымдардың, мекемелердің тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес және Зеренді аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 20 маусымдағы № 43-283 «Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 39-236 «Зеренді аудандық 2007 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі негізінде, тұрақты жұмыс орнын іздеуде қиыншылық көріп жүрген жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Зеренді ауданының Әділет басқармасында 2007 жылғы 22 ақпанда № 1-14-57 тіркелген, 2007 жылғы 9 наурыздағы № 20 «Бірлік Единство» газетінде жарияланған, Зеренді ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы № 30 «2007 жылға қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдердің, ұйымдардың, мекемелердің тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: аталған қаулының қосымшасы толықтырылсын: 31 тармақтың «Кәсіпорынның, ұйымдардың атауы» бағаны «Ауыл шаруашылығы бөлімі» сөздерімен, «Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен шарттары» бағаны «ірі-қара малды ұрықтандыру» сөздерімен, «Адамдар саны» бағаны «22» санымен, «Жұмыстар ұзақтығы (айлар)» бағаны «4» санымен, «Төлем мөлшері мың теңге» бағаны «858,1» санымен толықтырылсын. 32 тармақтың «Кәсіпорынның, ұйымның атауы» бағаны «Жылжымайтын мүлік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Зеренді филиалы» сөздерімен, «Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен шарттары» бағаны «техникалық паспорттарды жасау» сөздерімен, «Адамдар саны» бағаны «1» санымен, «Жұмыстар ұзақтығы (айлар)» бағаны «2» санымен, «Төлем мөлшері мың теңге» бағаны «19.5» санымен толықтырылсын. төмендегілер: 26 тармақтың «Адамдар саны» бағанында «3» саны «6» санымен, «Жұмыстар ұзақтығы (айлар)» бағанында «2.6» саны «4.3» санымен, «Төлем мөлшері мың теңге» бағанында «175.5» саны «250.9» санымен өзгертілсін. 30 тармақтың «Адамдар саны» бағанында «6» саны «11» санымен, «Жұмыстар ұзақтығы (айлар)» бағанында «4.5» саны «4.7» санымен, «Төлем мөлшері мың теңге» бағанында «175.5» саны «250.9» санымен өзгертілсін Қорытынды «3000.0» саны «4173.0» санымен өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Зеренді аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі, 2007 жылғы 20 маусымынан бері пайда болған құқықтық қатынастарға таралады.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.А.Таласбаеваға жүктелсін. КЕЛІСІЛДІ: Зеренді аудандық Әділет басқармасының бастығы К.Қ.Әміржанова