О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 30 декабря 2007 года № 506 «О квоте иммиграции оралманов на 2008 год» и постановления Правительства Республики Казахстан от 15 февраля 2008 года № 137 «О распределении квоты иммиграции оралманов на 2008 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«2008 жылға арналған оралмандардың көшіп келу квотасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 30 желтоқсандағы № 506 Жарлығын және «2008 жылға арналған оралмандардың көшіп келу квотасын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 137 қаулысын жүзеге асыру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31 бабы 2 тармағына сәйкес, «2008 жылға арналған оралмандардың көшіп келу квотасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 30 желтоқсандағы № 506 Жарлығын, «2008 жылға арналған оралмандардың көшіп келу квотасын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 137 қаулысын, «2008 жылға арналған оралмандардың көшіп келу квотасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 30 желтоқсандағы № 506 Жарлығын және «2008 жылға арналған оралмандардың көшіп келу квотасын тарату туралы» Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінің 2008 жылғы 27 наурыздағы № 37 қаулысын жүзеге асыру туралы орындау барысында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1 қосымшаға сәйкес 15 отбасыға 2008 жылға арналған белгіленген оралмандардың көшіп келу квотасы Сергеевка қаласы және селолық округтер бойынша таратылсын.
Тармақ 2
2. 2 қосымшаға сәйкес оралмандарды қабылдау және орналастыру бойынша аудандық комиссия құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Шал ақын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қамтамасыз етсін: оралмандардың әлеуметтік және қызметке орналастыру мәселелерін шешуде ауданның жергілікті атқарушы органдарымен өзара қарым-қатынасын; қолданыстағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік көмек көрсетуді.
Тармақ 4
4. Аудандық білім беру бөлімі: мектеп жасындағы оралмандардың балаларын оқытумен толық қамту бойынша барлық іс-шараларды қолдансын; бастауыш және орта мамандандырылған білім беру оқу орындарына оралмандардың балаларын тарту бойынша үнемі бағдарлау жұмысын жүргізу; мемлекеттік және орыс тілдерін үйрету бойынша оралмандардың балалары үшін қажетті жағдайды жасау, толық көлемде оқулықтар және басқа да көрнекі құралдармен, материалдар және жабдықтармен қамтамасыз ету.
Тармақ 5
5. Аудандық орталық емхана (келісім бойынша) қолданыстағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепілдендірілген көлемдегі ақысыз медициналық көмекті келген оралмандардың алуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Сергеевка қаласының және селолық округтер әкімдері: оралмандарды қабылдау, орналастыру, орналасу орындарында бейімделулері үшін оларға жағдай жасауды қамтамасыз етсін; қызметке орналастыру, біліктілігін жоғарылату және жаңа мамандықты игеру, қолданыстағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жер телімдерін беру мәселелерін қатаң бақылауға алсын; мұқтаждарға мектептерде, мектепке дейінгі ұйымдарда және әлеуметтік корғау мекемелерінде орындарды тапсыру бойынша іс-шаралар қолдансын.
Тармақ 7
7. Ішкі саясат бөлімі оралмандарды қабылдау және қызметке орналастыру бойынша, тақырыптық кездесулерді өткізу жұмыстарын өткізу туралы аудан тұрғындарын жүйелі ақпаратпен қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Елена Петровна Кузичеваға жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді. «КЕЛІСІЛДІ» Аудандық орталық емханасының бас дәрігері А.Н.Шоқыбаева 2008 жылы 30 мамыр
Басқа 10. Шал ақын ауданының Сергеевка қаласы және селолық округтері бойынша 2008 жылы оралмандар отбасын тарату
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы «30» мамыр № 106 қаулысына қосымша 1 Шал ақын ауданының Сергеевка қаласы және селолық округтері бойынша 2008 жылы оралмандар отбасын тарату № Селолық округтер, қала Алаңдардың саны 1 Сергеевка қаласы 3 2 Афанасьев селолық округі 1 3 Аютас селолық округі 1 4 Городецк селолық округі 1 5 Жаңажол селолық округі 1 6 Кривощеков селолық округі 1 7 Новопокров селолық округі 1 8 Октябрь селолық округі 1 9 Приишим селолық округі 1 10 Семипол селолық округі 1 11 Ступин селолық округі 1 12 Сухорабов селолық округі 1 13 Юбилейный селолық округі 1 барлығы 15
Басқа 11. Оралмандарды қабылдау және орналастыру бойынша аудандық комиссияның құрамы
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы «30» мамыр № 106 қаулысына қосымша 2 Оралмандарды қабылдау және орналастыру бойынша аудандық комиссияның құрамы Елена Петровна Кузичева - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Сергей Евгеньевич Андреев - аудан әкімі орынбасарының көмекшісі, комиссия хатшысы Роза Қалымжанқызы Әмрина - аудандық білім бөлімінің бастығы; Жанар Баянқызы Бегалинова - аудандық әділет басқармасының бастығы (келісім бойынша); Талғат Уәпұлы Латанов - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы; Қайрат Тұрарұлы Оразалин - аудандық газетінің «Новатор» редакторы; (келісім бойынша) Серік Қабиденұлы Шәйінов - аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (келісім бойынша); Ақмаржан Нышанқызы Шоқыбаева - орталық аудандық емханасының бас дәрігері (келісім бойынша)